29.06.2015, 12:58 3177

Алғаш рет қазақстандық әскери ұшқыштар түнде алты сағаттық ұшу ауысымдарын жүргізді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Иуе қорғанысы күштері Искери-әуе күштерініӊ армиялық авиация ұшқыштары алғаш рет түнгі жағдайларда сағат 22.00-ден 04.00-ге дейін толығымен алты сағаттық ұшу ауысымдарын орындады

Астана. 29 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Иуе қорғанысы күштері Искери-әуе күштерініӊ армиялық авиация ұшқыштары алғаш рет түнгі жағдайларда сағат 22.00-ден 04.00-ге дейін толығымен алты сағаттық ұшу ауысымдарын орындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Түнгі жағдайлардағы ұшулар жер бетініӊ нашар жарықтандырылуы, объктілердіӊ көрінуініӊ нашарлауы, жарықтық бағдарларға дейін қашықтықтарды көзбен шолып айқындауда ағаттықтардыӊ пайда болуы және қоршаған ортаныӊ ұзақ біркелкі болуымен сипатталады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Ұшқыштар мен техникалар, оныӊ ішінде жастар түнгі ұшулардыӊ психофизиологиялық жүктемелерін сезінді. Жоғары шаршаӊқылық, ұйқышылдық, көру қабілеттілігініӊ нашарлауы, әдеттегі тыныс тіршілік ритмініӊ, яғни ұйқы, сергектік, тынығудыӊ бұзылуы. Алайда, барлығы өзініӊ міндеттерін жақсы атқарды. Ұшу мақсатына қол жеткізілді", - деп ҚР ҚК ИҚК ИИК қолбасшысыныӊ орынбасары полковник Еркен Жұмағалиев атап өтті.

Ұшуларды жүргізу барысында экипаждар әртүрлі жаттығуларды пысықтады, оныӊ ішінде бағдар бойынша ұшулар, апатқа ұшыраған адамдарды іздеу және эвакуациялау, кідіру режимінен іздеу-құтқару жұмыстарын орындады. Жерүсті және инженерлік-техникалық персонал авиациялық техниканы ұйымдастыру мен қызмет көрсетуде құнды тәжірибе алды.

Айта кетейік, оқу-жаттықтыру ұшулары жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес 19132 әскери бөлімініӊ (Астана қ.) базасында "Еурокоптер" ЕС-145 тікұшақтарында жүргізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны