08.09.2015, 14:44 4029

Алғаш рет ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірліктіӊ еӊ ауқымды тексерісі басталды

ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысыныӊ тапсырмасы бойынша бүгін кенеттен тексеру басталды. Толық жауынгерлік әзірлікке Қазақстанныӊ бес облысы, яғни, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан әскери қызметшілерініӊ күштері келтірілді.

Астана. 8 Қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысыныӊ тапсырмасы бойынша бүгін кенеттен тексеру басталды. Толық жауынгерлік әзірлікке Қазақстанныӊ бес облысы, яғни, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан әскери қызметшілерініӊ күштері келтірілді. Мұндай ауқымды тексеріс ҚР Қарулы Күштерінде бірінші рет өткізіліп отыр. Пәрмен бойынша бір уақытта жоғарыда аталған облыстарда 10 000-ға жауық әскери қызметші, Құрлық әскерлерініӊ 20-дан астам бөлімшелері, 2 000-нан астам бірлік техника көтерілді, ал жөнелту үшін 17 эшелон тартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алдағы апта ішінде әскерлер оқу-жауынгерлік тапсырмаларды, оныӊ ішінде Іле өзенініӊ су бөгетін алмастыруды пысықтайды, ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерімен әуеден қолдау жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Искерлердіӊ іс-қимыл барысын ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен ҚР ҚК Бас штабыныӊ бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзаков бақылап отырды.

Олар Қапшағай қаласындағы "Берег" оқу-жаттығу орталығына барды, онда 4 000 әскери қызметші, шамамен 1 800 бірлік техника мен қару-жарақ, 10-нан астам батальон жеке құрамы шоғырландырылды.

Тексеріс нәтижесінде шартты заӊсыз қарулы құралымдар оқшауланып, жойылады, оларға ведомствоаралық топтамалардыӊ соққы күштерімен тойтарыс беріледі.

"Қазіргі уақытта тексеріске тартылатын құрамалар мен әскери бөлімдер жауынгердік әзірліктіӊ жоғары дәрежесіне келтіру жөніндегі іс-шараларды орындауда, марш жасауда. Толық жауынгерлік әзірлікке келтірілгеннен кейін тексерілетін әскерлер олардыӊ ұдайы орналасу пункттерінен үлкен қашықтықта орналасқан таӊсық полигондарға жиналады", - деп қорғаныс ведомствасыныӊ министрі Иманғали Тасмағамбетов оқиға желісін түсіндірді.

Бүгінгі күні әлемніӊ көптеген өӊірлерінде мемлекеттік бастамаларды босаӊсытуға талпынған экстремистік, лаӊкестік және сепаратистік ұйымдардыӊ жандануына байланысты жағдайдыӊ тұрақсыздандырылуыныӊ елеулі қауіп-қатері туындауда.

Мұндай тексеріс түрін өткізу әскерлердіӊ далалық машығыныӊ деӊгейін арттыру ісінде кезекті қадам болмақ. Дағдарыстық аудандарда бірлескен арнайы әскери операцияларды дайындау және жүргізуді пысықтау өзекті және қазіргі заманғы геосаяси өзгерістердіӊ маӊызды факторларымен қабылданған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны