05.05.2015, 19:03 4017

Алғаш рет "Отар" қырықыншы әскери базасы үздік жауынгерін таӊдады

"Отар" қырықыншы әскери базасында әскери қызметшілер арасындағы жарыс аяқталды. Оныӊ нәтижесінде сынақтарды сәтті тапсырып еӊ жоғарғы нәтижелер көрсеткен үздік үш жауынгердіӊ есімі анықталды

Астана. 05 Мамыр. Kazakhstan Today - "Отар" қырықыншы әскери базасында әскери қызметшілер арасындағы жарыс аяқталды. Оныӊ нәтижесінде сынақтарды сәтті тапсырып еӊ жоғарғы нәтижелер көрсеткен үздік үш жауынгердіӊ есімі анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ережеге сәйкес барлық қатысушылар толық жауынгерлік жабдықпен 10 шақырымдық шеру жасады, бірқатар кедергілерді игерді (жерасты каналынан, бұзылған көпірден, 5 м биік қабырғадан, арнайы жасалған батпақтан өту), атыс бойынша жаттығуды орындады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұл кешенді сынақтардыӊ барлығынан үздік нәтиже көрсеткен 21742 әскери бөлімніӊ әскери қызметшісі аға сержант Азамат Күйкентаев болды, екінші орынды 21450 әскери бөлімніӊ әскери қызметшісі кіші сержант Елнұр Рысбеков, ал үшінші орынды 21742 әскери бөлімніӊ әскери қызметшісі кіші сержант Иманқали Қабылұлы иеленді.

Сайыс жеӊімпаздарына мақтан тұтарлық "Отар" 40-ншы базасыныӊ үздік жауынгерлері атағы беріліп, оны растайтын "40-ншы әскери базасыныӊ үздік жауынгері" жазуы бар арнайы береттер табыс етілді.

Жарыстыӊ құрметті қонақтары - Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері, жауынгер интернационалистер, ҚР ҚК ардагерлері, Гвардейск әскери қалашығыныӊ мектеп оқушылары жарыстыӊ барысын бақылап, қатысушыларға белсенді түрде қолдау көрсетті. "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығында осындай ауқымда бірінші рет үздік жауынгер таӊдалғанын атап өткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны