11.12.2017, 20:22 6094

Алик Шпекбаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ төрағасы болып тағайындалды

Иділбек Жақсыбеков Агенттік басшысы мемлекеттік органныӊ алдында тұрған міндеттерін орындауына сенім білдіріп, Алик Шпекбаевқа табыс тіледі.

Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ төрағасы болып Алик Шпекбаев тағайындалды.

Бүгін Президент Икімшілігініӊ Басшысы Иділбек Жақсыбеков Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ басшысын ұсынды. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен Агенттіктіӊ Төрағасы Алик Шпекбаев болып тағайындалды.

Алик Шпекбаев Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасыныӊ орынбасары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасыныӊ орынбасары, Қазақстан Республикасы Президент Икімшілігініӊ құқық қорғау жүйесі бөлімініӊ меӊгерушісі, Ішкі істер вице-министрі лауазымдарында қызмет атқарған.

Иділбек Жақсыбеков Агенттік басшысы мемлекеттік органныӊ алдында тұрған міндеттерін орындауына сенім білдіріп, Алик Шпекбаевқа табыс тіледі.

Сонымен қатар,Иділбек Жақсыбеков Президент атынан Қайрат Қожамжаровты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасыныӊ лауазымында жұмыс істегені үшін және Қазақстан Республикасы Бас прокурор қызметіне тағайындалғанына байланысты құттықтады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны