02.11.2019, 15:05 14678

Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға шектеу қоюға ұсыныс білдірді

ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға шектеу қоюға ұсыныс білдірді

Нұр-Сұлтан. 2 қараша. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысы өтті.

Агенттік төрағасы А. Шпекбаев өз сөзінде еліміздегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың саны соңғы үш жылда 14% -ға азайғанын атап өтті.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жыл басынан бері 2 121 құқық бұзушылықты тіркеді, оның 1590-ы - сыбайлас жемқорлық. Соңғы үш жыл ішінде кешенді алдын-алу шараларының нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың саны 14% -ға азайғанын атап өткім келеді", - деді А. Шпекбаев алқа отырысында.

Статистикаға жүгінсек, қылмыстың негізгі бөлігі-парақорлық (850), ұрлық (714) және билікті асыра пайдалану (224) фактілері. 1028 тұлға әшкерленген, олардың 23-і - республикалық және 86-сы - облыстық деңгейдегі басшылар.

Алайда, ведомство басшысының айтуынша, келтірілген залалдың мөлшері едәуір артқан - 23,2 млрд. теңге (өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп; 2018 жылдың 9 айында 13,5 млрд. теңге), оның 94%-ы өтелген.

Алик Шпебаев Агенттіктің міндеттеріне тоқтала өтіп, олардың бастыларының бірі - сыбайлас жемқорлықтың жүйелік фактілерін орындаушыдан ұйымдастырушыға дейінгі қылмыстық схеманы анықтауекендігін атап өтті. Осылайша, жыл басынан бері осындай 92 жағдайдың жолы кесіліп, 347 тұлға әшкерленген.

Сонымен қатар, Агенттік қызметкерлері, әсіресе білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б. салаларындағымемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын ерекше бақылауда ұстайды.

Соның нәтижесінде 181 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркеліп, лауазымды тұлғалардың бизнеске заңсыз араласуы бойынша 287 факті анықталып, олардың 198-і қылмыстық жауапкершілікке тартылса, 85 адам сотталған. 282 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Сонымен қатар, Агенттік төрағасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Есепті кезеңде келесідей сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген: ішкі істер органдары - 346, прокуратура органдары - 124, арнайы мемлекеттік органдар - 3және экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен жасалған - 2.

"Биыл Жоғарғы Сот басшылығының сот жүйесін тазарту мәселелеріндегі белсенді ұстанымын ескере отырып, біз бес Фемида қызметкерін әшкереледік. Осыған байланысты Агенттік құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауапкершілігін арттыру туралы бастама көтерді, сондай-ақ ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға шектеу қоюға ұсыныс білдірді", - деді агенттік төрағасы А. Шпекбаев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны