28.10.2009, 15:45 3261

"Альянс Банк" акционерлеріне банктің 16 млрд 919 млн теңге көлеміндегі қаражатын ұрлау жөнінде сырттай айып тағылды (толықтырылған)

"Альянс Банк" акционерлеріне банктің 16 млрд 919 млн теңге көлеміндегі қаражатын ұрлау жөнінде сырттай айып тағылды (толықтырылған)

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - "Альянс Банк" акционерлері Марғұлан Сейсенбаев, оның інісі Ерлан Сейсенбаев пен банктің несиелік комитетінің төрағасы Сапаровқа Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі банктің 16 млрд 919 млн теңге көлеміндегі қаражатын ұрлау жөнінде сырттай айып тақты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ағымдағы жылдың 14 қазанында "Альянс банк" АҚ акционерлері Марғұлан Сейсембаевқа, оның туған інісі Ерлан Сейсембаевқа және банктің несие комитетінің төрағасы А. Сапаровқа агенттік 16 млрд. 919 млн.теңге көлеміндегі банк қаражатын ұрлады деген сырттай айып тағылды",- деді М.Жұманбай. "Қамауға алу туралы сот санкциясымен айыпталушылар халықаралық іздеуге жарияланды. Оны жүзеге асыру ҚР ІІМ "Интерпол" Ұлттық Орталық Бюросына тапсырылды",- деді ол.

"Банктің ағайынды Сейсембаевтармен тығыз байланыстағы кәсіпорындарға жер учаскелеріне кепілдікке 23 млрд. 231 млн.теңге көлемінде несие бергендігі тергеумен анықталды. Алайда, 16 млрд. 919 млн.теңге көлеміндегі нақты қарызыдың бар екендігіне қарамастан, М. Сейсембаевтың көрінеу заңсыз нұсқауымен жоғарыда аталған несиелер бойынша кепілдердің өтелгендігі туралы хаттар әділет органдарына жіберіледі. Иділет органдарынада кепілдіктен шешілген жер учаскелері сатылып жіберілген",- деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, оған қоса, агенттік Сейсембаевтардың ағалары Асқар Галинге қатысты қылмыстық істі тергеуде. "Оған несие ретінде берілген 1 млн. АҚШ долларынан астам және 653,5 мың еуро көлеміндегі банк қаражатын иеленіп алып ысырап етті деген айып тағылды. Сот Галинді қамауға алуды санкциялады және ол халықаралық іздеуге жарияланды",- деді М.Жұманбай.

"Істер бойынша тергеу жүргізілуде. Нақты ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды",- деді өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны