23.09.2009, 13:17 1588

"Альянс банк" басқармалары төрағасының орынбасары тұтқындалды - қаржы полициясы (толықтырылған)

"Альянс банк" басқармалары төрағасының орынбасары тұтқындалды - қаржы полициясы (толықтырылған)

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Альянс банк" АҚ басқармалары төрағасының орынбасары Ибілқасым Мамырбеков тұтқындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мұрат Жұманбайдың сөзіне қарағанда, "10 қыркүйекте соттың санкциясымен"Альянс банк" АҚ басқармалары төрағасының орынбасары Ибілқасым Мамырбеков тұтқындалды".

"Тергеу барысында белгілі болғанындай, $1,1 млрд көлеміндегі несиелер бойынша кепілдеме болып табылатын қазынашылық облигациялардың иелі екендігі қасақана көрсетілмей, бүркемеленген. И.Мамырбековқа аталған қаржыны ұрлауға жәрдем берушілік жөнінде айып тағылды", -деді ресми өкіл.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыда тамызда "Альянс Банк" АҚ басқармаларының бұрынғы төрағасы Жомарт Ертаев тұтқындалды.

М. Жұманбайдың хабарлағанындай, Алматының Медеу аудандық соты Ж. Ертаевты қамауға алуға санкция берді.

"Қаржы полициясы "Альянс Банк" АҚ басшылығының үстінен банктің 1,1 млрд доллар көлеміндегі қаржысын ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Ағымдағы жылдың 24 тамызында аталған қаржыны ұрлады деген айып "Альянс Банк" АҚ басқармаларының бұрынғы төрағасы Жомарт Ертаевқа жүктелді. Ағымдағы жылдың 25 тамызында Алматының Медеу аудандық соты Ж. Ертаевты қамауға алуға санкция берді", - деді ол.

"Банктың басқарма бастығы Ж. Ертаев арқылы 917,38 млн АҚШ доллары көлеміндегі несиелік қаражатты оффшорлық компанияларға беруді кепілдендіргендігі тергеу барысында анықталды. Нәтижесінде қарызға алушылардың несиелерді қайтару бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты, құны 1,1 млрд АҚШ долларына дейін артқан АҚШ-тың дисконттық облигациялары несие алушылардың пайдасына шоттан шығарылды",- деді М.Жұманбай.

Оған қоса, оларды шоттан шығару операциялары банктің бухгалтерлік есептерінде көрсетілмеген, деді ресми өкіл.

Қылмыстық істі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының арнайы прокурорына бағындырылған тергеу жедел тобы тергеуді жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны