03.02.2010, 13:51 2873

"Альянс Банктің" бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істі Бас прокуратураның арнаулы прокуроры тексеріп жатыр

"Альянс Банктің" бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істі Бас прокуратураның арнаулы прокуроры тексеріп жатыр

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - "Альянс Банктің" бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс бір өндіріске біріктірілген және Бас прокуратураның арнаулы прокуроры тексеріп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

М. Жұманбай еске салып өткендей, "бұдан бұрын агенттік "Альянс Банк" АҚ басшылығының үстінен $6 млн 653 мың евро көлеміндегі қаржыны ұрлау, 16,9 млрд теңге көлемінде қайтарымсыз несие беру, қылмыстық топ құрып басқару дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бұл қылмыстық істер бір өндіріске біріктіріліп, осы тұлғалардың банктің 1,1 млрд доллар көлеміндегі қаржысын ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі Бас прокуратура тексеріп жатыр".

Қылмыстық істі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының арнайы прокурорына бағындырылған тергеу жедел тобы тергеуді жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны