21.10.2009, 17:10 3177

"Альянсстройинвест" компаниясының бас директоры тұтқындалды - қаржы полициясы

"Альянсстройинвест" компаниясының бас директоры тұтқындалды - қаржы полициясы

Астана. 21 қазан. Kazakhstan Today - "Альянсстройинвест" ЖШС бас директоры тұтқындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қаржы полициясы органдары "Альянсстройинвест" ЖШС бас директоры Ринат Наймановқа қатысты оған сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тексеруде. 18 қазанда Наймановқа "Лесная поляна" тұрғын үй массиві үлескерлерінің ақша-қаражатын ұрлау арқылы 3 млрд 462 млн теңге көлемінде шығынға ұшырату жөнінде айып тағылды. Сол күні ол соттың санкциясымен қамауға алынды", - деді М. Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны