03.02.2010, 13:27 3071

"Альянсстройинвест" ЖШС бас директоры кепілдікпен босатылды - қаржы полициясы

"Альянсстройинвест" ЖШС бас директоры кепілдікпен босатылды - қаржы полициясы

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - "Альянсстройинвест" ЖШС бас директоры Ринат Найманов кепілдікпен босатылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Астанадағы "Лесная поляна" тұрғын үй массиві үлескерлерінің ақша-қаражатын ұрлау арқылы 3 млрд 462 млн теңге көлемінде шығынға ұшырату жөнінде айып тағылған "Альянсстройинвест" ЖШС бас директоры Ринат Наймановқа қатысты сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс одан әрі тексеріліп жатыр. Астана қалалық құрылыс компанияларының қауымдастығынан және үлескерлердің өздерінен өтініштер келіп түсуге және үкімет тарапынан құрылысты аяқтауға қажетті қаражат бөлінуге байланысты Ринат Наймановты тұтқындау жөніндегі бұлтартпау шарасы кепілдікке алмастырылды ", - деді М. Жұманбай.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "9 қарашада Астана қалалық құрылыс компанияларының қауымдастығынан "Альянсстройинвест" ЖШС бас директоры Ринат Наймановты тұтқындау жөніндегі бұлтартпау шарасын ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен өзгерту жөнінде кепілдік берген өтініш келіп түсті", -деді М. Жұманбай.

"Тұрғын үй нысандарын салып бітіру және пайдалануға беруді көздейтін көптеген үлескерлердің мүддесін ескере отырып, Ринат Наймановты тұтқындау жөніндегі бұлтартпау шарасын өзгерту мәселесін агенттік прокуратурамен бірлесе қарастыруда", - деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымызадай, "Альянсстройинвест" ЖШС бас директоры тұтқындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай 21 қазанда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Қаржы полициясы органдары "Альянсстройинвест" ЖШС бас директоры Ринат Наймановқа қатысты оған сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тексеруде. 18 қазанда Наймановқа "Лесная поляна" тұрғын үй массиві үлескерлерінің ақша-қаражатын ұрлау арқылы 3 млрд 462 млн теңге көлемінде шығынға ұшырату жөнінде айып тағылды. Сол күні ол соттың санкциясымен қамауға алынды", - деді М. Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны