11.11.2009, 16:43 3142

"Альянсстройинвест" ЖШС бас директорын тұтқындау жөніндегі бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен өзгертілуі мүмкін - қаржы полициясы

"Альянсстройинвест" ЖШС бас директорын тұтқындау жөніндегі бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен өзгертілуі мүмкін - қаржы полициясы

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - "Альянсстройинвест" ЖШС бас директоры Ринат Наймановты тұтқындау жөніндегі бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен өзгертілуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"9 қарашада Астана қалалық құрылыс компанияларының қауымдастығынан Ринат Наймановты тұтқындау жөніндегі бұлтартпау шарасын ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен өзгерту жөнінде кепілдік берген өтініш келіп түсті", -деді М. Жұманбай.

"Тұрғын үй нысандарын салып бітіру және пайдалануға беруді көздейтін көптеген үлескерлердің мүддесін ескере отырып, Ринат Наймановты тұтқындау жөніндегі бұлтартпау шарасын өзгерту мәселесін агенттік прокуратурамен бірлесе қарастыруда", - деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымызадай, "Альянсстройинвест" ЖШС бас директоры тұтқындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай 21 қазанда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Қаржы полициясы органдары "Альянсстройинвест" ЖШС бас директоры Ринат Наймановқа қатысты оған сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тексеруде. 18 қазанда Наймановқа "Лесная поляна" тұрғын үй массиві үлескерлерінің ақша-қаражатын ұрлау арқылы 3 млрд 462 млн теңге көлемінде шығынға ұшырату жөнінде айып тағылды. Сол күні ол соттың санкциясымен қамауға алынды", - деді М. Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны