15.07.2013, 17:29 2918

Алма Шалабаеваға Италияға қайтуға рұқсат берілді

ҚР Сыртқы істер министрлігі Италия үкіметінің Иблязовтың жұбайы Алма Шалабаеваны елден шығарудан бас тартқанын растады, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Астана. 15-шілде. Kazakhstan Today - Алма Шалабаеваға Италияға қайтуға рұқсат берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Италия үкіметінің Иблязовтың жұбайы Алма Шалабаеваны елден шығарудан бас тартқанын растады, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Италия Республикасы ағымдағы жылдың мамыр айында Алма Шалабаева мен оның қызын Қазақстанға көшіру туралы шешім шығарған болатын. Үкімет бұл шешімінен бас тартты", - делінген СІМ хабарламасында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетелдік азаматтарды елден көшіру туралы шешім шығару Италия Республикасының ішкі мәселесі.

"Мемлекеттік органдар көшірген шетелдік азаматтарға белгілі уақыт аралығында ол елге кіруге тыйым салынады. Алма Шалабаева мен оның қызын көшіру туралы шешімінен бас тартуы, біздің пікірімізше, Италия Үкіметі оларға алдағы уақытта елге келуіне құқық берді деген сөз", - делінген баспасөз парағында.

СІМ хабарлауынша, ҚР заңнамасы тұрғысынан қарағанда, Алма Шалабаева мен оның қызын еліне қайтарумен байланысты барлық нормалар мен рәсімдер сақталуы керек болатын.

"Қазіргі кезде Алма Шалабаеваның Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық құқық бойынша ескерілген барлық құқықтары мен бостандықтары толығымен сақталып отыр және ҚР құқық қорғау органдары алдағы уақытта олардың сақталатынына кепілдік береді", - деп хабарлайды құзырлы орындар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны