03.02.2009, 18:35 3349

Алма-Ата ИНФО" газетінің бас редакторының қатысы бар "БМ" және "Тараз" ЖШС үстінен ұлттық қауіпсіздік органдары қозғаған қылмыстық іс аяқталуға жақын - ҰҚК

Алма-Ата ИНФО" газетінің бас редакторының қатысы бар "БМ" және "Тараз" ЖШС үстінен ұлттық қауіпсіздік органдары қозғаған қылмыстық іс аяқталуға жақын - ҰҚК

Алматы. 3 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алма-Ата ИНФО" газетінің бас редакторының қатысы бар "БМ" және "Тараз" ЖШС үстінен ұлттық қауіпсіздік органдары қозғаған қылмыстық іс аяқталуға жақын, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

Осы оқиғаға байланысты ҚР ҰҚК бүгін мәлімдеме таратты. Төменде біз мәлімдеме мәтінін ешбір өзгеріссіз толық беріп отырмыз:

Соңғы уақыттары бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және халықаралық ұйымдар өкілдерінің кәсіпкер Сұлтан Махмадов пен "Алма-Ата ИНФО" газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов заңсыз тұтқындалды деген сипаттағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің атына арнаған мәлімдемелері мен үндеулері бірқатар БАҚ жариялануда.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мынаны мәлімдейді.

Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, салық және акциз алымдарын төлемеу, "БМ" (Братья Махмадовы) және "Тараз" ЖШС жалған құжаттарын жасау және қолдану деректері бойынша ұлттық қауіпсіздік органдары қозғаған қылмыстық іс аяқталуға жақын.

Тергеу материалдары көрсетіп отырғандай, кәсіпкер Сұлтан Махмадов ұзақ жылдар бойы этил спиртін заңсыз өндірумен және оны сатумен айналысып келген. Осындай әрекеттен оның жыл сайынғы астыртын қаржы айналымы бірнеше миллиард соманы құраған.

Махмадов және оның сыбайластары қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупін сезінісімен, тергеу шараларына қарсылық көрсетіп, ұлттық қауіпсіздік органдарын қаралауға тырысты. Мысалы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің бір қызметкерін "сатып алу" жолымен, ол арқылы тергеу қимылдары және жедел-іздестіру шараларына қатысты құпия құжаттарды заңсыз алып отырған. Аталған қауіпсіздік саласының қызметкері де қылмыстық жауапқа тартылуда.

Өзі туралы жағымды қоғамдық пікір қалыптастыру үшін Махмадов құпия материалдың бір бөлігін ірі көлемдегі қаржы арқылы газетке жариялауға ықпал еткен.

"Алма-Ата ИНФО" газетінің бас редакторы Есергепов саналы түрде, Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңының мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын басқа да құпияларды таратуға тыйым салу туралы 2-ші бабын бұза отырып құпия материалды жариялаған және тенденциялық түсініктерімен қоса редакция сайтына орналастырған.

Тергеу тобында Махмадов пен Есіргеповтің қылмыстық келісімін, оның ішінде соңғы азаматтың бас пайдасын көздегендігін дәлелдейтін айғақтар бар. Сонымен қатар, айыпкерлер газет бетіне шыққан құжаттардан бөлек, құпия дәрежесі жоғары басқа да құжаттарды заңсыз түрде алған.

Бүгінгі таңда Махмадов пен Есіргепов журналистер қауымының ынтымақтастығына үміт артып, жауапкершіліктен қашу мақсатында қоғамды адастыруға әрекет жасауда.

Тараз қалалық сотының санкциясы бойынша Есіргеповке қатысты тұтқындау шарасы тағайындалды.

Мына жағдайды да айта кету керек, алғашқыда тергеу тобының Есіргеповті тұтқындау туралы мақсаты болған жоқ, керісінше, оның мүддесі үшін, оған бірнеше мәрте заңды сыйлайтын азамат ретінде тергеушінің шақыруы бойынша түсінік беруге келуі керектігі айтылды.

Бірақ, Есіргепов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің және Қылмыстық-процессуалдық кодексінің талаптарын орындаудан, тергеуге келуден бас тартып, оның орнына шетел елшілігінде тығылды, басқа да арандатушылық әрекеттерге барды. Оны "аурухана төсегінен ауыр жағдайда алып кетті" деген тұжырым шындыққа сай келмейді. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, оған амбулаториялық жағдайда емделуге кепілдік берілген.

Сондықтан, Есіргеповке және басқаларға қатысты қылмыстық істер - заңдық негізде қозғалып, тергеу барысында барлық қылмыстық-процессуалдық нормалар сақталуда, қылмыстық істі прокуратура органдары бақылап отыр.

Заң алдында барлық адам тең құқылы, ал кімнің қаншалықты кінәлі екендігін анықтау - тек қана соттың құзырында, деп хабарлайды ҰҚК.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны