08.07.2014, 20:59 3003

Алматы 2022 жылғы қысқы Олимпиадаға үміткер қалалар рейтингісінде көшбасында тұр - әкімдік

Алматы, Осло және Бейжің қалалары 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ресми түрде үміткер қалалар болып жарияланды.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan today. Алматы 2022 жылғы қысқы Олимпиадаға үміткер қалалар рейтингісінде көшбасында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы, Осло және Бейжің қалалары 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ресми түрде үміткер қалалар болып жарияланды. Бұл туралы шешім Швейцарияның Лозанна қаласында Халықаралық Олимпиада комитеті атқарушы комитетінің кезекті отырысында белгілі болды.

Бүгінде 2022 жылғы қысқы Олимпиаданың астанасы 2015 жылы шілде-тамыз айларында Халықаралық Олимпиада комитетінің Малайзия астанасы Куала-Лумпурде өтетін кезекті сессиясында белгілі болатынына қарамастан сарапшылар бұл додада Алматы жеңіске жетеді деп алдын-ала болжануда.

"Біз Ойындарды өткізуді ұйымдастыруда бір-бірінен өзгеше үш түрлі тәсілдемені көруге қуаныштымыз. Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуде үш тараптың бюджеті де жоспарлары да әрқалай. Бұл, бізге үш өтінімнің бірін әділ таңдауға мүмкіндік береді" - деді өз сөзінде Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах.

Енді арнайы комиссия алдағы жылдың басынан бастап, үміткер қалаларды инспекциялау, яғни бағалау сапарына шығады.

Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) бағалау комиссиясының басшысы - Александр Жуков. Ол - сонымен қатар Ресейдің Олимпиада комитетінің президенті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны