21.01.2019, 21:49 7455

Алматы агломерациясыныӊ тау кластерін дамытудыӊ мастер-жоспары жасалды

Алматы әкімі тау аумағында қожетімді спорттық-отбасылық курорт ұйымдастыру үшін "ЦСКА" тау шаӊғысы базасын қаланыӊ коммуналдық меншігіне беру жөнінде мәселені қарастыруды тапсырды.

Алматы. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы әкімдігініӊ тапсырысы бойынша Австрияныӊ "Master Concept" компаниясы мегаполис айналасы мен алматылық агломерацияныӊ 2030 жылға дейінгі тау кластерін дамытудыӊ шеберлік-жоспарын жасады. Туризм саласын дамыту мақсатында өӊірдіӊ барлық тау локациялары қамтылатын болады, оныӊ ішінде Түрген, Ақ Бұлақ, Oi-Qaragai Lesnaya Skazka, Табаған, Бутаковка, Пионер, Көкжайлау, Шымбұлақ және Қаскелеӊ.

"Master Concept" компаниясыныӊ бас директоры Гернот Ляйтнер өзініӊ сөзінде алматылық өӊірдіӊ тау кластерініӊ туристік потенциалыныӊ өте жоғары екенін айтты. Мастер-жоспар аясында 470 км соқпа және 85 км велосипед жолдарын, 45 км атпен жүру бағыттарын, 250 км шаӊғы трассаларын дамыту қарастырылған, бұл тарссалардыӊ ағымдағы ұзындығынан 6 есе көп.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Алматы облысы әкімдігініӊ басшылығымен бірге көшпелі жиын өткізіп, өӊірдіӊ барлық тау локацияларын қарап шықты.

Алматы әкімі тау аумағында қожетімді спорттық-отбасылық курорт ұйымдастыру үшін "ЦСКА" тау шаӊғысы базасын қаланыӊ коммуналдық меншігіне беру жөнінде мәселені қарастыруды тапсырды.

Бұлардан өзге, Бауыржан Байбек тау туризмін дамыту мақсатында "Пионер", "Oi-Qaragai Lesnaya Skazka" тау курорттарына дейін қала маӊындағы елді мекендерде тасымалдауды ұйымдастыруды тапсырды. Жаӊа автобус бағыттары аптасына үш рет (Жұма - Сенбі - Жексенбі) күндері 2-3 сағаттық интервалмен қатынайтын болады.

Айта кетерлігі, тау кластерін дамыту туралы шеберлік-жоспарын жасау жөніндегі меморандумға қол қоюға Алматы қаласы мен Алматы облысыныӊ әкімдікітері, Іле-Алатау ұлттық паркі, "Қазақ туризм" және "Master Concept" компаниялары қатысты. Шеберлік-жоспарыныӊ концепциясын талқылау тобына мемлекеттік органдардыӊ, туризм саласындағы халықаралық компаниялардыӊ, қоғамдық қорлардыӊ, туристік ассоциациялардыӊ, жоғары оқу орындарыныӊ, спорттық туризм федерациясыныӊ өкілдері енді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны