01.06.2017, 18:17 4940

Алматы әкімі Балаларды қорғау күнімен кішкентай алматылықтарды құттықтады

Бүгін Алматыда Халықаралық Балаларды қорғау күні мерекеленуде. Негізгі мерекелік шаралар Республика алаӊында, Орталық мәдени және демалыс саябағында, ерекше күтімді қажет ететін балалардыӊ "Жұлдыз-ай" ХІІ республикалық фестивалі жеӊімпаздарыныӊ гала- концерті болатын Республика сарайында өтті.

Алматы. 1 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда Халықаралық Балаларды қорғау күні мерекеленуде. Негізгі мерекелік шаралар Республика алаӊында, Орталық мәдени және демалыс саябағында, ерекше күтімді қажет ететін балалардыӊ "Жұлдыз-ай" ХІІ республикалық фестивалі жеӊімпаздарыныӊ гала- концерті болатын Республика сарайында өтті.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланыӊ коррекциялық мектептерініӊ оқушылары салған сурет көрмесінде болды.Республика сарайында Н. Островский атындағы соқыр және әлсіз көретін балалар тәрбиелентін №4-ші жалпы білім беретін мектеп - интернаттыӊ және тілі жетілмеген балалар дәріс алатын №9-шы коррекциялы мектеп- интернаттыӊ, "Жанұя" арнайы кешенініӊ, кереӊ балалар оқитын №5-ші мектеп- интернаттыӊ, №1-ші жалпы білім беретін мектеп- интернат оқушыларыныӊ салған сурттері қойылған көрме ұйымдастырылған.

Бауыржан Байбек ұсынылған жұмыстардыӊ сапасы мен шеберлігін жоғары бағалады және интеллектуалды дамуы кешеуілдеген балалар оқитын №7-ші мектеп- интернат оқушылары салған "ЭКСПО-2017 балалар көзімен" триптихін қатты ұнатты. Тәрбиешілер триптихті балалардыӊ 3 айға жуық салғанын, бұл өте қиын жұмыс екенін, жіптерді орап, киізді желімдеудіӊ, ерте қазақ техникасы арқылы кесте тігудіӊ өте күрделі екенін айтты.

"Мен бүгінгі көрмеге өз қолдарымен жасаған жұмыстарын қойғандардыӊ барлығына шексіз ризашылығымды білдіремін. Өйткені, заттардыӊ барлығы барынша сапалы жасалған. Бұл жұмыстардыӊ бәрінен өмірге деген сүйіспеншілік, күш- жігер, рух сезіледі. Осы биіктікті төмендетпеӊдер, мен сендерге сенемін", -деді Б.Байбек.

Қала басшсысы Алматы - 2020 даму бағдарламасы аясында ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін қалада 2016 жылы 3 психологиялық-педагогикалық коррекция кабинетініӊ және бір психологиялық- медико-педагогикалық консультация ашлығанын айтты. Қазіргі кезде қалада осындай 11 кабинет жұмыс істеуде. Корпоративті "Болашақ" қоры мен "Ашық Илем" қоғамдық қоры инклюзивті білім беруді дамыту үшін кабинеттер мен ресурстар орталықтарын ашты.

Биылғы жылы бюджет есебінен 6 бала бақша, 2 мектеп, 6 мектеп жанынан қосымша нысандар салынады. Білім саласыныӊ 28 ғимаратыныӊ сейсмикалық қуаты күшейтіледі, 1 мектеп қайта жасалады. Биыл жазғы каникул кездерінде балаларды сауықтандыру мен түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 190 млн. теӊге бөлінді. 1 маусымнан бастап 100 мыӊ баланы қамтыған 771 лагерь ашылды.

Алматылық балалар үшін 1 маусым күні көӊілді шаралар ұйымдастырылды. 5 мыӊ бала қатысқан жастардыӊ музыкалық оркестрілері мен ансамбльдерініӊ шеруі өтті.

Таӊнан бері Орталық мәдени және демалыс саябағында балалардыӊ шығармашылық ұжымдарыныӊ концерттері қойылуда. Бұл мәдени шараға "Сенім","Наргиз", "Мөлдір", "Непоседы", "Тамаша", "Сюрприз", "Ерке наз" балалар топтары, Т.Жүргенов атындағы Университет студенттері қатысты және "Бозторғай-2017" халықаралық конкурс жеӊімпаздарыныӊ гала - концерті өтті. Балалар үшін "Вы наш гость" хореографиялық- музыкалық композиция, ұзын қуыршақтар, аниматорлар, цирк артистері өз өнерлерін ортаға салды, ертегі кейіпкерлері, жанды дауыстағы музыка балалардыӊ көӊілдерін ерекше көтерді. Саябақта: "Меніӊ сүйікті қалам", "Бақытты балалық шақ", "Экспо-2017", "Қазақстан Республикасы" атты сурет көрмелері ұйымдастырылды. Мереке қарсаӊында еліміздіӊ әр облысынан 400 бала қатысқан "Жұлдызай" фестивалініӊ спорттық бөлігі ойдағыдай аяқталды.

Бүгін Республика сарайында еркеше күтімді қажет ететін балалардыӊ "Жұлдызай" ХІІ республикалық фестивалініӊ гала- концерті өтті оған 7 780 конкурсант қатысты. Фестивальдіӊ екінші іріктеу турыныӊ жеӊімпаздары әнші Маржан Арапбаевамен, "КешYOU", "ИлемBand" сынды топтарымен бірге ән салды.

"Фестиваль - балалардыӊ өміріндегі жаӊа баспалдақ, олар осы өнер байқауы арқылы өмірден өз орындарын табады, оқуға түсіп, біріккен шығармашылық ұжымдар құрады. Мұндай ерекше балалар өздерініӊ ерік- жігерлерініӊ мықты екенін дәлелдеп, түрлі кедергілерді жеӊе біледі, алға қарай ұмтылады. Міне, бұл- жобаныӊ басты жетістігі", - деді фестивальді ұйымдастырушы, BI Group холдингініӊ басшысы Айдын Рахимбаев.

Гала-концерт қарсаӊында екінші іріктеу туры жүлделі орындар мен гран- при иелерін анықтады. "Хореография", "Вокальді орындау", "Инструментальді орындау", "Инді қимылмен орындау" номинацияларына Қазақстанныӊ әр түкпірінен келген өнерлі балалар қатысты. "Жұлдызай"ХІІ республикалық фестивальдіӊ Гран-приін "Инді қимылмен айту" номинациясы бойынша Қостанайдан келген "Экспрессия" тобы: Виктория Головнева, Алина Гриневич, Балжан Жұмағазиева, Исмаил Цицкиев жеӊіп алды,- деп хабарлайды Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны