23.12.2016, 20:31 4566

Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Нұр Отан" партиясыныӊ қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

Үйлерге газ желісін қосуда жеӊілдік жүйесініӊ бар екенін, яғни ҰОС-ныӊ ардагерлері тегін қосылатынын, есепте тұрған тұрмыстық жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға 50%-ға, ал 1 және 2 топ мүгедектеріне 30% жеӊілдік берілетінін де айтты.

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалыныӊ төрағасы, Алматы әкімі Бауыржан Байбек партияныӊ Алматы филиалыныӊ қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады,- деп хабарлайды "Нұр Отан" АҚФ баспасөз қызметі.

Жеке қабылдау барысында құлағы нашар еститіндер мәдениет үйініӊ директоры, мүгедек Жанара Бектұрғанова түрлі мәдени шаралар мен дайындықтар жүргізу үшін бөлме бөлуді және нашар еститін, нашар көретін 400 мүгедек бала үшін жаӊа жылдық сыйлықтар беруді өтінді. Репетиция өткізетін бөлмені қарастыру мен сыйлықтар беру мәселесін әкім өзініӊ жеке бақылауына алды. Мүмкіндігі шектеулі балалар жаӊа жылда арнайы сыйлықтар: кітаптар, канцелярия тауарларын, ойыншықтар алатын болады.

"Біз көмекті әркімге жеке көрсететін боламыз, ҰОС-ныӊ ардагерлеріне, түрлі топтар мүгедектеріне, мүмкіндігі шектеулі балдырғандарға, көп балалы аналарға үнемі қолдау көрсетеміз. Биылғы жылы біз бір рет берілетін төлем үшін ақшалай қаржы бөліп,100 мыӊнан астам адамды қамтыдық. ҮЕҰ бірігіп көмектесеміз, сіздердіӊ балаларыӊыз өздерін жайлы сезінетіндеріне сенімдімін. Ир бала бұл мерекені сезінуі тиіс.Біз Сіздерге міндетті түрде көмектесеміз, бөлме берілетін болады", - деп атап өтті партияныӊ қалалық филиалыныӊ төрағасы.

Газбен қамтамасыз етудіӊ магистральді желісіне қосу жөнінде көмек сұраған Елена Волкованыӊ өтініші де оӊ шешімін тапты. Брюллов көшесі тұрғындарыныӊ жеке үйлеріне 2014 жылдан бері қарай газ желісі тартылмаған, соныӊ салдарынан олар қатқыл отындарды пайдалануда. Икім өзініӊ сөзінде газ желісін тарту құрылысы аяқталғанын, қазіргі кезде қосу - дәнекерлеу жұмыстарыныӊ жүріп жатқандығын, магистральдіӊ 25 желтоқсанда іске қосылатындығын жеткізді. Ол таяудағы үш жыл ішінде үйлердіӊ 95 пайызын газға қосу жоспарланғанын айтты. Үйлерге газ желісін қосуда жеӊілдік жүйесініӊ бар екенін, яғни ҰОС-ныӊ ардагерлері тегін қосылатынын, есепте тұрған тұрмыстық жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға 50%-ға, ал 1 және 2 топ мүгедектеріне 30% жеӊілдік берілетінін де айтты.

Жеке қабылдау барысында Бауыржан Байбек екі баланыӊ анасы Асел Абеноваға да көмек көрсетуді, яғни сал ауруына шалдыққа оныӊ екі егіз қыздары үшін медициналық қондырғы - вертикализатор алуды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны