18.09.2015, 20:33 4565

Алматы әкімі Бауыржан Байбек шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін қала әкімдігінде Қала күні қарсаӊында Алматы әкімі Бауыржан Байбек шығармашылық зиялы қауым, еӊбек сіӊірген мәдениет және өнер өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Алматыда мәдениет пен өнерді, қазақ тілін дамыту сөз болды

Алматы. 18 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін қала әкімдігінде Қала күні қарсаӊында Алматы әкімі Бауыржан Байбек шығармашылық зиялы қауым, еӊбек сіӊірген мәдениет және өнер өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Алматыда мәдениет пен өнерді, қазақ тілін дамыту сөз болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қала әкімі жиналғандардыӊ назарын шығармашылық зиялы қауымныӊ қала және жалпы республика мәдениетін дамытудағы, жастар арасында қазақ тілініӊ мәртебесін арттырудағы рөліне аударды.

"Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша "Балапан" балалар және "Білім және Мәдениет" телеарналары ашылды. Бұдан өзге біз мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау үшін шетелдік блокбастерлерді қазақ тіліне сапалы аудара бастадық, өскелеӊ жас ұрпақтыӊ бойына ана тілінде мәдени түрде фильмдер көруді қалыптастырудамыз", - деді Бауыржан Байбек.

Икім Алматыныӊ жастар қаласы екендігін, жатақханаларда орын жетіспегендіктен Универсиада - 2017 орай салынатын атлеттер ауылын студенттер үшін тұрғын үй ретінде пайдаланудыӊ жоспарланғандығын да айтты.

Қала басшысы жиналғандарға Президент Нұрсұлтан Назарбаев алға қойып отырған үш тілділіктіӊ: қазақ, орыс және ағылшын тілдерініӊ жас ұрпақ үшін мәдени нормаға айналуы тиіс екендігін атап өтті.

Өз кезектерінде кездесуге қатысушылар шығармашылық кәсіпте жүрген жастарға әлеуметтік жағынан қолдау көрсету жөнінде өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді. Кездесуде тілдерді дамыту мәселесі де қозғалды.

Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны