21.06.2017, 14:55 2807

Алматы әкімі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық бюросыныӊ басшысымен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өӊірлік бюросыныӊ директоры Жужанна Якабпен кездесті.

Алматы. 21 маусым. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өӊірлік бюросыныӊ директоры Жужанна Якабпен кездесті.

Тараптар медициналық қызмет көрсетудіӊ сапасын арттыру, сонымен қатар биылғы жылдыӊ қазан айында оӊтүстік астанада өтетін алғашқы медициналық - санитарлық көмек көрсету жөніндегі Халықаралық конференцияға дайындық туралы әӊгімеледі.

"Халықтар арасындағы урбанизацияға орай денсаулықты тұрақты дамыту барысында мегаполистердіӊ рөлі артуда. Еуропада "Саламатты қалалар- Здоровые города" бағдарламасы 20 жылдан бері жүзеге асып, қоғамдық денсаулық сақтау мүддесініӊ тұғырнамасына айналған. Жалпы, бұл бағдарлама халықаралық мәртебеге ие және Алматыныӊ бұл жобаға Орта Азия мегаполистерініӊ ішінен алғашқы болып қосылғанына қуаныштымын. Бұл ел басшылығыныӊ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ қағидаларын қолдайтындығын көрсетеді", - деді Жужанна Якаб.

Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру шарасыныӊ енгізілуі медицналық қызмет көрсетудегі маӊызды қадам деді ол.

"Осыдан 40 жыл бұрын Алматыда алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсетудіӊ Халықаралық Декларациясы қабылданған еді. Мен биылғы мерейлі конференциясыныӊ жоғары деӊгейде өтетініне сенімдімін. Конференция еӊ үздік сарапшылардыӊ басын қосып, шынайы ғаламдық сипат алатын болады. Халықаралық конференцияны өткізу білім трансфертіне ғана емес, сонымен қатар қосымша экономикалық ынталандыру көзіне айналады", - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өӊірлік бюросыныӊ директоры.

Икімдік еске салып өткендей, 2015 жылы әлем бойынша бірінші рет Алматыда алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсету жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ офисі ашылған еді. Осылайша, Қазақстан алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсету жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өӊірініӊ орталығына айналды. Алматы офисі құрамына 54 ел енетін ДДСҰ Еуропалық өӊірі жаһандық деӊгейіндегі денсаулық сақтаудыӊ бастауыш бөлігінде жетекші рөл атқарады.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Н.Назарбаевтыӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында атап өткендей, Биылғы 1 шілдеден мемлекеттіӊ, жұмыс берушілердіӊ, азаматтардыӊ ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайды. Бұл жүйеніӊ тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген.

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кеӊ ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады. Оған халықтыӊ әлеуметтік әлсіз топтарыныӊ қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Үкімет қажетті деӊгейде денсаулық сақтау саласын ақпараттандыруы керек. Бәсекелестікті дамыту үшін жеке меншіктегі медицина мекемелеріне ММСЖ жүйесі аясында теӊ жағдай туғызу керек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны