13.06.2018, 19:06 4353

Алматы әкімі Қазақстандағы Ресей Елшісімен кездесті

Ресей Қазақстанныӊ тұрақты экономикалық серіктесі болып табылады. Алматы мен Ресей Федерациясы арасындағы тауар айналымы тұрақты өсуде, соӊғы жылдағы көрсеткіш 22%-ға артқан. Алматы әкімдігі мен Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазан мэриялары бірнеше бағыттар бойынша ынтымақтасып, жұмыс істеуде.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan Today -Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясыныӊ Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелерді талқылады.

Ресей Қазақстанныӊ тұрақты экономикалық серіктесі болып табылады. Алматы мен Ресей Федерациясы арасындағы тауар айналымы тұрақты өсуде, соӊғы жылдағы көрсеткіш 22%-ға артқан. Алматы әкімдігі мен Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазан мэриялары бірнеше бағыттар бойынша ынтымақтасып, жұмыс істеуде.

Қалада ресейлік капиталмен 2 мыӊнан астам кәсіпорын сауда, қаржы, медицина, өнеркәсіп және басқа салаларда жұмыс істейді. Қазіргі кезде Индустриалды аймақта кабель өткізгіш өнімдер шығаратын ресейлік "KMK Investment" зауыты салынуда.

Кездесу барысында Ресей Федерациясыныӊ Елшісі екі ел Президенттері мен екі ел халықтары арасында қашанда өзара сенім мен достық қатынастыӊ қалыптасқандығын атап өтті.

"Бүгінгі күні ЕАЭС аясында біріккен ауқымды жобалар жүзеге асуда. Сонымен қатар екі жақты туризмді дамытуда, білім бағдарламаларыныӊ аясын кеӊейтуде өзара үндестік кеӊ қанат жаюда.Орта Азиядағы еӊ ірі қала ретінде Алматы түрлі халықаралық форумдарды,конференциялар мен фестивальдерді өткізуде, бұларға Ресей делегациясы белсенді қатысты. Жақын күндері ғана ОДКБ сыртқы істер министрлерініӊ саммиті,Еуразиялық медиа форум өтті. Осыныӊ барлығы мәдени және іскерлік байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал етеді", - деп атап өтті Алексей Бородавкин.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны