29.08.2017, 21:48 2959

Алматы әкімі Конституцияныӊ басты құндылықтарыныӊ негізінде қаланыӊ дамып келе жатқанын атап өтті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Конституция мемлекеттіӊ негізін нығайтқанын, экономикалық нарықты дамыту үшін барлық жағдайларды жасағанын, "орта таптыӊ" пайда болуына ықпал еткенін, еӊ бастысы - Ата Заӊымыздыӊ арқасында көп этникалы, көп конфессионалды мемлекетімізде тұрақтылықтыӊ салтанатын құрғанын атап өтті, деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

Алматы. 29 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда бүгін Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан Республикасыныӊ Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Айтулы шараға қала жұртшылығы, мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктердіӊ өкілдері және басқалары қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Конституция мемлекеттіӊ негізін нығайтқанын, экономикалық нарықты дамыту үшін барлық жағдайларды жасағанын, "орта таптыӊ" пайда болуына ықпал еткенін, еӊ бастысы - Ата Заӊымыздыӊ арқасында көп этникалы, көп конфессионалды мемлекетімізде тұрақтылықтыӊ салтанатын құрғанын атап өтті, деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

"Президентіміздіӊ салиқалы саясаты арқасында еліміз тәуелсіздіктіӊ барлық жылдары ішінде бірлікті ту етіп, азаматтық сәйкестік негізінде біртұтас ұлтты қалыптастырды. Өздеріӊіз білесіздер, Елбасыныӊ Бес институционалды реформасын кеӊінен талқылау барысында Конституцияға ауқымды өзгерістер енгізілді. Ал бұл Заӊныӊ мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар қабылдауға, азаматтарға негізделген мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға, мемлекеттік маӊызды шешімдерді қабылдауға азаматтық қоғамныӊ белсенді түрде қатысуына және тиімді бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Конституциялық реформа заӊнамалық буынныӊ орындаушыларға бақылауын күшейтті, атқарушы органдардыӊ және саяси партиялардыӊ жауапкершілігін арттырды. Реформаныӊ түпкі мақсаты - қарапайым қазақстандықтардыӊ өмірін түбегейлі жасқарту", - деп атап өтті Б.Байбек.

Алматы әкімі саяси және экономикалық қайта құрудыӊ және Конституция әлеуетін тиімді пайдаланудыӊ басты мақсаты- сананы жаӊғырту екенін қадап тұрып айтты.Елбасы өзініӊ "Болашаққа бағдар: Рухани Жаӊғыру" бағдарламалық мақаласында: "Осылайша, біз қайта түлеудіӊ айрықша маӊызды екі процесі - саяси реформа мен экономикалық жаӊғыруды қолға алдық.Біздіӊ мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі" деген болатын.

Өзініӊ сөзінде Бауыржан Байбек қысқа уақыттыӊ ішінде Алматыныӊ қуатты қаржы орталығына айналғанын, бизнестіӊ жедел дамығанын, ауқымды жұмыс орындарыныӊ ашылғанын, қала тұрғындарыныӊ тұрмыс жағдайларыныӊ жасқарғанын айтты. Осыныӊ барлығына Мемлекет басшысыныӊ 20 жыл бұрын бас қаланы Астанаға көшіру жөніндегі шешімі оӊ ықпал етті. Халықаралық тәжірибе мықты саяси орталық пен либералды қаланы үйлестіру алдыӊғы қатарлы мемлкеттердіӊ тұрақты дамуына әсер ететінін көрсетті. Мысалы, Вашингтон мен Нью-Йорк, Анкара мен Стамбул, Берлин мен Мюнхен.

"Қаржы және экономикалық магнит ретінде Алматы еліміздіӊ саяси орталығы Астананы толықтыра түсуде. Астананы көшіру кезінде Елбасы "Алматы мемлекетіміздіӊ ірі қаржы-экономикалық, ғылыми, әлеуметтік- мәдени орталығы болып қала береді және өзініӊ тартымдылық маӊызын ешқашан жоймайды" деген болатын. Біз бүгін Елбасы шешімініӊ өміршеӊдігін көріп отырмыз. Мысалы, Алматы еліміз экономикасыныӊ бестен бірін, салық және салықтық емес түсімніӊ үштен бірін беруде, барлық сауда операцияларыныӊ 40%-дан астамын, жұмыспен қамтудыӊ 15%- ын қамтамасыз етуде", -деді Б.Байбек.

Алматы әкімініӊ айтуынша, тәуелсіздік жылдары қала аумағы 2 есеге өскен. Агломерацияны есепке алсақ, қала тұрғындарыныӊ саны 3 млн. адамға жетеғабыл. Мегаполис экономикасы 100 есе өсіп,шағын және орта бизнес қатары 130 есе артқан. Тұрғын үй қоры 2 есеге көбейіп, 43 млн. шаршы метрге жеткен. Көлік саны 10 есе өсті. Сол үшін соӊғы он жыл ішінде 30 жо айрығы салынды. Көлік инфрақұрылымына 500 млрд. теӊгеден астам қаржы жұмсалды. 5 жыл бұрын Алматы метросы жұмыс істей бастады, мұндағы жолаушылар легі жыл сайын орташа 20%-ға артуда.

Қала басшысы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында ғана қалада 20 мыӊнан астам жұмыс орны құрылғанын айтты.

"Елбасыныӊ тапсырмасы бойынша қабылданған мемлекеттік бағдарламалар аясында біз қалада жаӊа тұрғын үйлер салудамыз, инфрақұрылым мен коммуникацияны жаӊғыртудамыз, жаӊа жұмыс орындарын ашудамыз. Мысалы, "Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша 124 үй салу үшін 73 млрд. теӊге бөлінді. Биылғы жылы 85 үйдіӊ құрылысы аяқталады, оныӊ 40%-ы қалаға қосылған Алатау ауданында. 5 мыӊ жұмыс орны пайда болды. Жалпы, қолжетімді баспана көлемі қалада 6,5 есе артты. Биыл 3 мыӊ отбасы пәтер алды, жыл аяғына дейін тағы да 3,2 мыӊ отбасы жаӊа қонысқа ие болады", - деді қала әкімі.

Ол "Нұрлы Жол" бағдрламасы бойынша 106 км инженерлік желі, мектептерге 2 жаӊа корпус, 28 қолжетімді баспана салынғанын, соныӊ арқасында 2,4 мыӊ жұмыс орны ашылғанын жеткізді. Индустриялық -инновациялық даму аясында құны 36 млрд. теӊге болатын 33 жоба іске асты. Жыл аяғына дейін тағы да қосымша құны 59 млрд. теӊге болатын 22 жоба қолға алынып, 5 мыӊ жұмыс орны ашылады.Бизнестіӊ Жол картасы бойынша 687 жоба орындалып, 4 мыӊнан астам жұмыс орны құрылады.

Алматы қаласы үнемдеу және бюджет шығындарын оӊтайландыру арқасында өзініӊ Дағдарысқа қарсы кешенді шарасын қабылдады.

Қалада шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында құны 12 млрд. теӊге болатын "Жібек жолы","Алматы-өнім,-туризм,-инновация" қалалық бағдарламалары іске асуда. Қазірдіӊ өзінде 1,2 млрд. теӊге салық төленді. Қалаға ірі шетелдік инвесторлар тартылған, соныӊ ішінде 7 трансұлттық компаниялар. Жеке құрылысқа қолдау көрсетілуде. Екі жыл ішінде Қалақұрылысы кеӊесі 1 трлн. теӊгеден асатын 82 жобаны бекітті. Оныӊ 3 іске асты,120 млрд. теӊгеніӊ 23 жобасы қолға алынды, соныӊ арқасында 6,5 мыӊ жұмыс орны құрылады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қазіргі кезде қала бюджетініӊ Алматыны 2020 жылға дейінгі дамыту Бағдарламасыныӊ мақсатты көрсеткіштері негізінде жасалатынын айтты.Негізгі принцип- түпкі нәтиже. Тиімсіз әрі қымбат жобаларды оӊтайландыру арқасында қаржы көздері жұмыспен қамтуға жұмсалды. Биыл республикалық бюджет инвестициясын 25%-ға қысқарту арқылы жергілікті бюджет 1,5 есеге өсіп, 100 млрд.теӊгеге жетті.

"Алматы-2020" Бағдарламасыныӊ бес тұжырымын әкімдік өзініӊ күнделікті жұмысында үнемі басшылыққа алып отырады. Ол біздіӊ Конституциямыздыӊ басты байлығы- адамға, оныӊ өмірі мен қауіпсіздігіне, құқы мен бостандығына арналған. Мұнда конституциялық негізгі талаптар- есеп беру, ашықтықтық, ауқымды пікірталас орындалуда. Өздеріӊіз білесіздер, біз биыл қаланы жаӊғырту бойынша көлемді жұмыстарды бастадық. Мысалы, өткен жылмен салыстырғанда абаттандыруға 2,3 есе, жолға 1,3 есе, инженерлік желілерді жасауға 1,3 есе көп қаржы бөлінді. Егер өткен жылы 2 млрд. теӊгеге 290 аула алаӊдары жөнделсе, биыл 7,6 млрд. теӊгеге 472 аула жөнделеді. Тұрғын үй қоры да жаӊаруда. 254 үйді жөндеу үшін 2,9 млрд. теӊге бөлінді", - деді Б.Байбек.

Бұлардан өзге қалада көшелер күрделі жөндеуден өтіп, 8 көше қайта жасалуда. Олар: Жібек Жолы, Панфилов, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен "Астана" алаӊы, Байсеитов, Төлебаев көшелері, Есентай өзенініӊ жағалауы. Биыл білім беру саласыныӊ 28 объектісін сейсмикалық жағынан нығайту үшін 23 млрд. теӊге бөлінді. Ақсай және Аюсай шатқалдарында 2 плотина салу мәселесі Үкіметпен бірге қарастырылуда. Моренді көлдердіӊ суын тарту жұмыстары жүруде, эвакуациялық каналдар ірі тастардан тазаруда. Бұл сырт көзге көрінбейтін, бірақ ТЖ қалалық қызметі жүргізіп жатқан ауқымды жұмыстар, соныӊ арқасында қала тұрғындарыныӊ қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны