21.06.2017, 15:30 2646

Алматы әкімі Наурызбай ауданындағы әкімшілік орталықтыӊ құрылыс барысын тексерді

Алматы қаласыныӊ Наурызбай ауданында биыл жазда мектеп, емхана, ХҚКО, АІІД-ніӊ жаӊа ғимараты, почтамт секілді бірқатар әлеуметтік нысан ашылады.

Алматы. 21 маусым. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ Наурызбай ауданында биыл жазда мектеп, емхана, ХҚКО, АІІД-ніӊ жаӊа ғимараты, почтамт секілді бірқатар әлеуметтік нысан ашылады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапарында Наурызбай ауданындағы әкімшілік орталықтыӊ және әлеуметтік нысандардыӊ құрылыс барысын, сонымен қатар Қарғалы өзені бойыныӊ абаттандырылуын тексерді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today қала әкімдігініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күні жалпы ұзындығы 7,7 шақырым болатын Қарғалы өзенініӊ арнасына бетон конструкцияларын төсеу жұмыстары аяқталды. Жағалауларға қайта топырақ төгу жүріп жатыр, үш өтпелі көпір салынған.

Бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігі аясында аудан тұрығндарыныӊ демалуы үшін өзен жағалауы түгелдей абаттандырылуда.

Жасыл желектер отырғызылып, гүл клумбалары, альпі таулары жасалған, жасыл аймақтыӊ жалпы көлемі - 1 гектар. Шағын архитектуралық формалар, балалардыӊ ойын алаӊдары, декоративті тректер бой көтеріп, жүргінші тротуарлары салынуда.

Қала әкіміне Наурызбай ауданы әкімдігініӊ жаӊа ғимараты шілденіӊ басында ашылатындығы айтылды. Қазіргі кезде мұнда ішкі әрлеу, технологиялық қондырғыларды орнату, нысан айналасын көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бес қабатты ғимарат алдына көлемі 1 гектар болатын сквер жасалады.

АІІД-ніӊ жаӊа нысаныныӊ, 1200 орынды мектептіӊ құрылысы аяқталып қалды. Күніне 500 адам қабылдайтын емхана да іске қосылады. Бұлардыӊ барлығы келесі айдыӊ басында пайдалануға беріледі.

ХҚКО, пошта,сот, прокуратура, әділет басқармасы орналасатын кешенді әкімшілік нысан ішінде де әрлеу жұмыстары жүруде. Бұл кешен биылғы жылдыӊ тамыз айында беріледі деп жоспарланған.

"Жалпы, ауданда тұрғын үй салу, магистарльды жолдарды тесу, Қалқаман және Алты Алаш елді мекендерінде ұзындығы 17,3 шақырым болатын жол салу жұмыстары жүріп жатыр. Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы поселкесіне дейін ұзындығы 2,08 шақырым болатын жол күрделі жөндеуден өтуде, жолдыӊ көлік қозғалысы бөлігі 4 жолақты болып кеӊейтілуде, "Қарғалы" өзені бойындағы көпір қайта жасалып, ұзындығы 2 шақырым болатын веложол мен ұзындығы 4 шақырым болатын тротуарлар салынуда",- деп хабарлайды әкімдік.

Еске сала кетейік, Қазақстан президентініӊ "Қазақстан жаӊа жаһандық нақты ахуалда:

өсім, реформалар, даму" атты жолдауында атап көрсетілгендей, "Илеуметтік саясаттағы мемлекеттіӊ басымдығы адам капиталын дамытуға кеӊ ауқымды инвестициялар болуы тиіс. Біз бұған дейін қабылданған бағдарламаларға сәйкес, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жаӊғыртуды жалғастыруымыз керек".

Бұл ретте "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында атап өткендей, "еӊ алдымен, білім беру жүйесініӊ рөлі өзгеруге тиіс".

" Біздіӊ міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудіӊ жаӊа моделініӊ орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көӊіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасыныӊ алшақтығын азайту қажет",- делінген жолдауда.

Құжатта сондай-ақ, білім беру жүйесімен қатар денсаулық сақтау жүйесі де өзгеруге тиіс екені айтылған. Онда "Үкімет қажетті деӊгейде денсаулық сақтау саласын ақпараттандыруы керек",- делінген.

Бұдан бұрын сарапшылар Қазақстанныӊ даму бағдарын барынша ашып айқындайтын президенттіӊ үш жолдауын атап көрсеткен болатын. Бұлар - "Илеуметтік-экономикалық жаӊғырту - Қазақстан дамуыныӊ басты бағыты", "Қазақстан халқыныӊ әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттыӊ басты мақсаты", "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаӊару жолында" атты жолдаулары.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны