05.06.2017, 17:08 4414

Алматы әкімі Татарстан Республикасыныӊ делегациясымен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Татарстан Республикасы Президенті аппарат басшысыныӊ орынбасары Игорь Савельевпен кездесті. Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты және сауда- экономикалық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Татарстан Республикасы Президенті аппарат басшысыныӊ орынбасары Игорь Савельевпен кездесті. Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты және сауда- экономикалық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Игорь Савельев Алматы мен Татарстанныӊ жоғары технология саласындағы ынтымақтастықта әлеуеттері жоғары екендігін айтты.

"Меніӊ Алматыда алғаш рет болуым, қалада кәсіпкерлік рухыныӊ ерекше дамығанына тәнтімін. Бізді шағын және орта бизнесті дамытудағы, стартаперлерді қолдаудағы, "Ақылды қала" жобасын іске асырудағы, қоғамдық кеӊістіктерді ұтымды пайдаланудағы іс-шаралар қызықтырды", - деді ол.

Татарстан делегациясына Алатау ауданындағы Индустриалды аймақ пен "Инновациялық технологиялар паркі" АЭА-тыӊ мүмкіндіктері көрсетілді. Татарстан Республикасы Президенті аппарат басшысыныӊ орынбасары Игорь Савельев Қазан қаласынан 40 км қашықтықта орналасқан "Иннополис" инновациялық орталығыныӊ жұмысы туралы айтты. Мұнда жоғары технология болып саналатын микроэлектроника, нанотехнология, робот техникасы, баламалы энергетика, биотехнология жақсы дамыған, бұлардыӊ барлығы ерекше экономикалық аймаққа енген. Алматы әкімі Татарстан инвесторларын биылғы жылдыӊ 30 маусымында өтетін "Almaty Innovations - 2017" форумына шақырды. Аталған бас қосуда қалалық инновацияны енгізудіӊ озық тәжірбелері талқыланады.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықтыӊ нақтылы бағыттары, оған жауапты жандар белгіленді және тәжірибе мен технологияны зерттеу үшін профильді делегацияны жіберу жөнінде келісім жасалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны