22.04.2016, 19:10 5728

Алматы әкімі Ұлт жоспарыныӊ "100 нақты қадамын" жүзеге асыру туралы айтты

Алматы әкімі Бауыржан Байбек есепті баспасөз мәслихаты барысында Ұлт жоспарыныӊ "100 нақты қадамы" мен Бес институционалды реформаны жүзеге асырудыӊ барысы туралы айтты. Мегаполис басшысы Қазақстан мен Алматыны дамытуда Ұлт жоспарыныӊ маӊызды рөлін айрықша атап өтті

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек есепті баспасөз мәслихаты барысында Ұлт жоспарыныӊ "100 нақты қадамы" мен Бес институционалды реформаны жүзеге асырудыӊ барысы туралы айтты. Мегаполис басшысы Қазақстан мен Алматыны дамытуда Ұлт жоспарыныӊ маӊызды рөлін айрықша атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазіргі күрделі кезеӊде Ұлт жоспарыныӊ "100 нақты қадамы" Алматыныӊ әлеуетін толық ашуға және отыз үздік мегаполистердіӊ қатарына іскер ғана емес, инновациялы, мәдени, туристік орталық ретінде енуіне мол мүмкіндік береді", - деді Б.Байбек, деп хабарлайды www.almaty.gov.kz тілшісі.

Бұдан өзге, әкім қалалықтардыӊ белсенді түрде қатысуымен қабылданған Алматынныӊ 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасыныӊ Бес институционалды реформаныӊ идеясы және тұжырымдары негізінде жасалғандығын айтты.

Алматыда кәсіби мемлекеттік аппаратты құру және жемқорлықты жою аясында мәдениет және мұрағат басқармалары бірігеді және қаланыӊ үш басқармасында адам саны қысқарады. Босаған адамдар есебінен "орталықтан- аудандарға" принципі бойынша кадрлар алмастырылады.

Сонымен қатар, бұрындары жасалған жобалардыӊ бағасы да қысқарады. Мысалы, Наурызбай ауданында салынатын әкімшілік ғимараттардыӊ құрылыстары жұмыс сапасын төмендетпей, 2 млрд.теӊгеге азаяды. "Заӊныӊ үстемдігін қамтамасыз ету" жөніндегі екінші институционалды реформа туралы айтқан әкім көлеӊкелі қаржыны шығару мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы да сөз етті. Осы ретте заӊсыз салынған құрылыстар сүрілуде. Соттыӊ шешімімен "Адем-4" сауда орталығыныӊ сауда ангары, Алмаарасан шатқалындағы мейрамхана, Луганский мен Сәтпаев көшелеріндегі тұрғын кешені сүрілді. Академқалашықтағы заӊсыз салынған жанар- жағар май станциясыныӊ құрылысы тоқтатылды. Бұлардан өзге Суқорғалатын аумақтардағы заӊсыз салынған үш көпір сүрілді, тағы біреуі болашақта алынып тасталады. Рұқсатсыз әрі құжатсыз орнатылған билбордтар да сүрілуде.

Қала әкімі заӊсыз кесілген ағаштар мен жасылдандыру мәселесіне кеӊінен тоқталды. Қалақұрылысы кеӊесінде талқылауға ұсынылған жобаларда абаттандыру мен жасылданыдыру нормативтерініӊ міндетті түрде болуы басты талаптардыӊ біріне айналды. Бұдан өзге ағаштарды кесуге және олардыӊ орнын толтыруға берілетін рұқсат құжаттарға бақылау күшейтілді.

"Индустрияландыру және экономикалық өсім" атты үшінші реформа Алматыныӊ даму Бағдарламасыныӊ "Бизнес пен жеке капитал қаласы" бағыты аясында жүзеге асуда. Икім қазіргі кезде әкімшілік процедуралардыӊ жеӊілдетілгендін, бизнестіӊ ресурстарға жақындағанын айтты. Мысалы, Алматыда бизнеске несие беруде "Жібек жолы" мен "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламалары жұмыс істейді. Инвестиция тартудыӊ қадамдық жоспары бекітілген және инвестор тарту мен инвестклиматты жақсарту жөнінде Кеӊес құрылған.

Мегаполисте өндіріс пен инновацияны дамытуға барлық жағдайлар жасалуда. Индустриалды аймақ пен "Инновациялық технологиялар паркініӊ" АЭА-да бюджет есебінен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тарту жүзеге асуда.

Мемлекеттік- жеке серіктестік аясында жұмыс жандана түскен. Жалпы құны 31,4 млрд. теӊге болатын 37 жобаны (4700 орынды 27 бала бақша, 4420 орынды 4 мектеп, 500 адам қатынайтын емхана, спорткешені, оқушылар Сарайын қайта жөндеу) жүзеге асыру жөнінде Келісім жасалды. Қазіргі кезде 12 объект бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Үстіміздегі жылдыӊ аяғында 6 жаӊа бала бақша, 4 мектеп, 1 емхана пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Бұдан өзге қала әкімдігі бірінші кезекте қажет тауарлардыӊ бағасын көтермеу жөнінде де ауқымды жұмыстар жүргізуде. Негізгі тауарлар бойынша мыӊнан астам меморандумдар жасалды, демалыс күндері жәрмеӊкелер өткізілуде, бұлардағы баға базардағыдан 15-20%-ға төмен. Жыл аяғына дейін 600 жәрмеӊке өткізу жоспарланған.

"Біртектілік пен бірлік" атты төртінші реформа аясында ҚХА жанынан Қоғамдық Келісім Кеӊесі, Аналар кеӊесі, Медиаторлар Кеӊесі құрылған. Бұлардыӊ қатысуымен азаматтық істердіӊ 20% өскелеӊ жолмен сотқа дейін шешілді.

Биыл Алматы 1000 жылдық мерейлі мерекесін атап өтеді. Алматы қаласыныӊ 1000 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар тарихи-мәдени құндылықтар аясында алматылықтардыӊ бірігуіне ықпал етіп, қоғамдық "Мәӊгілік ел" патриоттық идеясын қалыптастыруға себеп болады.

"Транспарентті және есеп беретін мемлекет" атты бесінші реформа аясында Қоғамдық кеӊес пен Қоғамдық комиссия құрылды. Бұлар ағашты кесуге рұқсат берумен қатар тұрғындарды қаланы одан әрі жақсартуға кеӊінен тартатын болады. Илеуметтік желілер арқасында тұрғындармен кері байланыстыӊ тиімді механизмі де қалыптасты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны