06.04.2017, 16:23 5537

Алматы әкімі жұмыс сапарымен Жапонияда болды

Алматы әкімі жұмыс сапарымен Жапонияда болып, мұндағы іскер орта өкілдерімен бірқатар екі жақты кездесулер өткізді және Токио қаласыныӊ мэрі Юрико Койке ханымен жүздесті.

Алматы. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы әкімі жұмыс сапарымен Жапонияда болып, мұндағы іскер орта өкілдерімен бірқатар екі жақты кездесулер өткізді және Токио қаласыныӊ мэрі Юрико Койке ханымен жүздесті.

Тараптар инвестициялық, сауда-экономикалық салалар және қаланы одан әрі дамыту бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Токио мэрі Алматыда өткен дүниежүзілік қысқы Универсиаданыӊ жоғары деӊгейін ерекше атап өтті және Астанада болатын Халықаралық EXPO-2017 көрмесіне табыс тіледі.

"Мен Алматыда болғанмын, қала маған ерекше ұнады, оған деген сүйспеншілігім зор. Сіздіӊ бұл сапарыӊыз өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жаӊа серпіліс береді деген ойдамын", - деп атап өтті Ю.Койке.

"Tokyo Seiko MFG" компаниясы басқармасыныӊ төрағасы Шигето Танакамен болған кездесуде Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта орналасқан "Tokyo Rope Almaty" метиз зауытын салу жөніндегі жобаныӊ екінші кезегін жүзеге асыру мәселелері талқыланды. "Tokyo Rope" компаниясыныӊ Алматыда болат өнімдерін шығарумен айналысатын алғашқы жапондық зауыты өткен жылдыӊ қараша айында ҚР Президенті Н. И. Назарбаевпен өткен телекөпір барысында Жапониядан іске қосылған еді.

Илемдік рейтингте 10 үздік банктер қатарына енген "The Bank of Tokyo-Mitsubishi UFG" басшылығымен кездесу барысында Бауыржан Байбек Алматыда біріккен жобаларды жүзеге асыруға ірі қаржы конглометрініӊ қолдайтындығына сенім білдірді.

Жол қозғалысын басқаратын Токио Орталығында болғаннан соӊ "Смарт сити" жобасы аясында Алматыныӊ даму Орталығы қала трафигін басқарудыӊ осыған ұқсас орталығын құру үшін сараптамалық есептеулер жүргізеді. Өз кезегінде "Алматы Су" холдингі "YYS International Pte" компаниясымен бірге суды тазартудыӊ коагулянтты гранул жүйесін жүзеге асырады.

Алматы делегациясы жұмыс сапары барысында сауда, инвестиция, қызмет көрсету бойынша әлемдегі еӊ танымал корпорациялардыӊ бірі "Mitsui&Co." офисінде болды, сонымен қатар "Shimizu" сейсмологиялық компаниясы зерттеу орталығыныӊ жұмысымен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны