21.09.2015, 18:01 4608

Алматы әкімініӊ баспасөз хатшысы қызметінен кетті

Алматы әкімдігініӊ баспасөз хатшысы Артур Нығметов қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзініӊ Фейсбуктағы парақшасында мәлімдеді

Алматы. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы әкімдігініӊ баспасөз хатшысы Артур Нығметов қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзініӊ Фейсбуктағы парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Ол өзініӊ болашағын мемлекеттік қызметпен байланыстырмайтынын жеткізді.

"Жаӊа әкім Бауыржан Байбекке келсек, ол өте білікті менеджер екендігін растаймын. Онымен бірге жұмыс істеген 1 ай шамасында жаӊа әкімніӊ қала тұрғындарыныӊ өмірін жақсартуға бар күшін салып жатқанын байқадым. Заман талабына жауап бере алатын мемлекеттік қызметкер, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Мен оған сәттілік тілеймін", - деді ол ФБ-дағы парақшасында.

Айта кету керек, ол бұл қызметте Айбар Олжаевты ауыстырған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны