15.02.2008, 18:49 2893

Алматы әуежайында 55 килограмнан астам контрабандалық зергерлік бұйымдармен Қазақстан азаматы ұсталды

Алматы әуежайында 55 килограмнан астам контрабандалық зергерлік бұйымдармен Қазақстан азаматы ұсталды

Алматы. 15 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы халықаралық әуежайында 55 килограмм 650 грамм контрабандалық зергерлік бұйымдармен Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Алматы қалалық кедендік бақылау департаметнінің баспасөз қызметі хабарлады.

"15 ақпанда жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 6-да Алматы халықаралық әуежайында шұғыл іздестіру шараларының барысында "VIP" залына шыға берісте Стамбул-Алматы рейсімен келген Қазақстан азаматы ұсталды. Жүкті тексерген кезде декларацияда көрсетілмеген алтын зергерлік бұйымдар табылып тәркіленді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Кеденшілердің хабарлауынша, контрабандалық алтынның құны 1 млн доллардан асады. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны