Система Orphus

Алматы әуежайында асқазанына 50-ге жуық героин капсуласын салып өткен есірткі сатушы ұсталды

24.10.2007, 19:18 2905

Алматы. 24-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Алматы әуежайында есірткі сатушы ұсталды. Тәжікстан азаматы өзінің асқазанына 50-ге жуық героин капсуласын салып өткен. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне көліктегі Оңтүстік-Шығыс ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, үш сағаттар шамасында әуежайға Душанбе - Алматы бағытындағы № 4779 рейс келіп қонған. Күту залында полицейлердің назары осы рейспен келген жолаушыға ауған.

"Еркек өте бозарып кеткен, оның сырт бейнесі өзінің халінің нашар екендігін көрсетіп тұрған. Полицейлер оның құжатын тексерген. Осы сәтте ол шыдамай, өзінің асқазанында есірткі бар екендігін мойындаған",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Күзетпен бірге шақырылған еркек медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Токсикологиялық бөлімшесінде күдіктіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ішін тазалап жуған. Алынған есірткісі бар капсулалар химиялық сараптамаға жіберілді. Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, бір капусланың салмағы шамамен 7 гарммды құрайды.

Ұсталғанның асқазанынан 32 капсула алынған. Қазіргі уақытта ол көлік полицейлерінің қарауымен ауруханада жатыр, себебі оның асқазанында тағы 21-дей есірткі салынған капсула қалған.

Алматы әуежайындағы желілік ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Мұратбек Қожағұловтың хабарлауынша, тергеу барысында ұсталған Тәжікстан азаматы бұрын сотталғандығы белгілі болды. Ол 1999-жылы Новосибирскде есірткі сақтап, тасымалдағаны үшін 7 жылға сотталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны