21.04.2009, 15:12 3154

Алматы аумағында жыл басынан бері 601 жол апаты тіркелген

Алматы аумағында жыл басынан бері 601 жол апаты тіркелген

Алматы. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы аумағында жыл басынан бері 601 жол апаты тіркелген, соның салдарынан 40 адам қаза тауып, 664 адам жарақат алған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қалалық ІІД ЖПБ баспасөз қызметнің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың сәуір айының басынан әкімшілік жауапкершілікке тұрақ ережесін бұзған 8000-нан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған жұмысты айдың аяғына дейін жалғастыру жоспарда бар. 8-сәуірден бері жаяу жүргіншілердің өтетін орнында бұзылған тәртіпке орай 7 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылды. Жаяу жүргіншілер арасында жолды белгіленбеген орындардан кесіп өткені үшін мыңнан аса тәртіп бұзушылық анықталды.

Жол апаттарының алдын-алу мен жолын кесу мақсатында жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуын анықтау, соның ішінде транспорт құралдарының тұрақтары мен аялдамалар тәртібі, жаяу жүргіншілердің өтетін орындары мен балалардың жол транспорттық жарақатының алдын-алу тұрғысында "Қауіпсіз жол", "Жаяу жүргінші", "Тұрақ" секілді іс-шаралар қолға алынды.

Сонымен қатар 20-27 сәуір аралығында республика көлемінде "Қауіпсіз жол" алдын-алу шаралары жүргізіліп, жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтауға барлық жол полициясының жеке құрамы жұмылдырылды.

"Қауіпсіз жол" шарасын жүргізуге қоғамдық бірлестіктер автокәсіпорындар, білім органдары мен БАҚ өкілдері тартылуда.

Жыл басынан бері әкімшілік жауапкершілікке 110 мың адам тартылса, оның ішінде 2769 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған. Олардың 7 мыңы жаяу жүргіншілер. Жүргізушілік құқығынан 3 мың жүргізуші айырылса, 276 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.

Бүгінгі таңда ЖПБ қызметкерлері өздеріне бекітілген тұлғалар мен мектептерде жас инспекторлар құру, жол ережесі бұрыштары мен жабдықтарын қамтамасыз ету тұрғысында жұмыс атқаруда. Аудандық жас инспекторлардың слеті жүргізілуде. 30-сәуірде жалпы қалалық жас инспекторлар слетін өткізу жоспарда бар.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қаласында 2009 жылдың алғашқы тоқсанында зардап шегушілері бар 473 жол апаты тіркелсе, бұл 2008 жылдағы (523) 28 адам қаза тапқан жағдайдан 9,2% кем. Яғни 2008 жылға қарағанда 8% кем. Биыл 528 адам жарақаттанса, 2008 жылы 574 адам жарақаттанған. Жол қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіші - 100 адамға шаққанда ауыр жағдайдың деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 2,6 және 5,0 құраған. Бұл республикалық деңгейдегі 14,3% қарағанда 3 есеге аз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны