17.06.2009, 15:12 1497

"Алматы ет" ЖШС басшылығына мемлекеттің стратегиялық қорын қалыптастыруға арналған 638 млн 400 мың теңгені ысырап ету фактісі бойынша айып тағылды

"Алматы ет" ЖШС басшылығына мемлекеттің стратегиялық қорын қалыптастыруға арналған 638 млн 400 мың теңгені ысырап ету фактісі бойынша айып тағылды

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Алматы ет" ЖШС басшылығына мемлекеттің стратегиялық қорын қалыптастыруға арналған 638 млн 400 мың теңгені ысырап ету фактісі бойынша айып тағылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Алматы қаласында "Алматы ет" ЖШС басшыларының қылмыстық іс-әрекетін әшкереледі. Оларға қатысты мемлекеттің стратегиялық қорын қалыптастыруға арналған құны 638 млн 400 мың теңгені құраған сиыр етін ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деді М.Жұманбай.

Мәселен, оның айтуынша, 2007 жылдың тамыз-қараша айларында "Сатып алу операциялары мен бағалық интервенцияларды өткізу" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекет "Мал өнімдері корпорациясы" акционерлік қоғамына 2008 жылға мемлекеттік ресурстарды қалыптастыруға арналған 1-санаттағы сиыр етін сатып алуға 1 млрд теңге бөлген.

Бұл бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында аталмыш акционерлік қоғам "Алматы ет" ЖШС-не 700 тонна ет дайындауға 271 млн 100 мың теңгені аударған.

Одан бөлек, "Мал өнімдері корпорациясы" 631 млн 600 мың теңгеге сиыр етін сатып алып, "Алматы ет" ЖШС-не қоймалық сақтауға берген.

Жедел-іздестіру шараларымен "Алматы ет" ЖШС етті қабылдауды ішінара жалған кәсіпорындар арқылы жүзеге асырғандығы анықталды.

"Нәтижесінде, аталған ЖШС ақшалай қаражатты талан-таражға салу фактісін жасыру мақсатында сақтаудағы 1460 тонна етті консигнация негізінде "Жер ана" ЖШС жалған жіберген. Соңғылар өз кезегінде бұл етті жасырын тұлғаларға консигнация негізінде жалған жіберген. Іс бойынша тергеу жүргізілуде.

"Бұл факт бойынша "Алматы ет" ЖШС басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижелері жұртшылыққа хабарланатын болады",- деді М.Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны