08.01.2009, 18:21 3046

Алматы ІІД учаскелік полиция инспекторының көмекшісін өлтіруде пайдаланылған қару Алматы облыстық ІІД-нің айғақзаттарды сақтау қоймасынан сатылғандығы туралы ақпаратты жоққа шығармайды

Алматы ІІД учаскелік полиция инспекторының көмекшісін өлтіруде пайдаланылған қару Алматы облыстық ІІД-нің айғақзаттарды сақтау қоймасынан сатылғандығы туралы ақпаратты жоққа шығармайды

Алматы. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы ІІД учаскелік полиция инспекторының көмекшісін өлтіруде пайдаланылған қару Алматы облыстық ІІД-нің айғақзаттарды сақтау қоймасынан сатылғандығы туралы ақпаратты жоққа шығармайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі де учаскелік полиция инспекторының көмекшісін өлтіруде пайдаланылған қару Алматы облыстық ІІД-нің айғақзаттарды сақтау қоймасынан сатылғандығы туралы ақпаратты растамағанымен, оны жоққа да шығармайды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматының Түріксіб АІІБ учаскелік инспекторының көмекшісін өлтіруде пайдаланылған қару Алматы облыстық ІІД-нің айғақзаттарды сақтау қоймасынан сатылған.

Еске сала кетейік, үш оқ тиіп қаза тапқан аға лейтенант Дәулет Қасымовтың мәйіті 3 желтоқсанда сағат 12.45-те Сейфуллин даңғылындағы №57 пунктте табылған болатын.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, бөлімше ғимаратының қабырғасы мен қаза тапқан жігіттің денесінен алынған оқтар бойынша сарапшылар қылмыс жасалған қарудың атауын анықтады. Ол калибрі 7,62 миллиметрлік ТТ тапаншасы болып шықты.

Белгілі болғанындай, бұл тапанша Алматы облыстық ІІД-нің айғақзаттарды сақтау қоймасынан сатылған. Тексеру барысында бұл тапаншамен қатар қоймадан тағы екі қару, Калашников автоматы мен тағы бір ТЖМ мәліметінше, тапаншасы сатылған. Қазіргі жағдаймен кісі өлтіруде қолданылған қаруды Алматы қалалық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының оперативтік қызметкерлері тауып, тәркіледі.

Сондай-ақ, қаруды сатқан Алматы облыстық ІІД-нің қызметкері анықталып, ол қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны