16.08.2006, 15:32 2992

Алматы қалалық есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері заңсыз есіркі айналымына қатысты 773 деректің бетін ашты

АЛМАТЫ. 16-тамыз. Kazakhstan Today. 2006-жылдың басынан бері Алматы қалалық есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз есіркі айналымына қатысты 773 деректің, соның ішінде есірткі сатуға қатысты 566 деректің бетін ашты. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Алматы қалалық есірткі саудасымен күрес басқармасының бастығы Станислав Ридный құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Басқарма жетекшісінің түсініктемесіне сәйкес, өткен мерзімде 781 адам, соның ішінде 11 шетел азаматы қылмыстық, 51 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Басқарма қызметкерлері шұғыл шаралардың барысында Қырғызстаннан контрабандалық жолмен есірткі тасымалдауға қатысты 3 деректің алдын алды. Жынойнақтарды ұстауға байланысты 6 деректің беті ашылып, есірткілік және психотроптық дәрілердің айналымына қатысты ережелерді бұзуға қатысты 3 оқиға анықталды.

Жалпы алғанда жыл басынан бері 185 килограмм есірткілік заттар заңсыз айналымнан шығарылды, деп атап өткен С.Ридныңдың айтуынша, бұл - заңсыз айналым ауқымының арта түскенін дәлелдейді. "Былтырғы жылдың осы мерзімінде айналымнан 145 килограмм есірткі шығарылды",- деді ол.

Басқарма бастығының айтуынша, есірткі саудасымен күрестің ең тиімді тәсілі - көршілес елдермен бірлескен шараларды жүзеге асыру болып табылады. Мәселен, қырғызстандық әріптестермен ықпалдастықтың арқасында халықаралық есірткі тасымалы арнасын жоюға бағытталған екі операция жүзеге асырылды.

Исіресе жастардың көңіл көтеру шараларының есірткілік қоздырғыш заттарсыз өтпейтін болуы айрықша алаңдаушылық туғызады, деді баспасөз мәслихатына қатысушылар. Мәселен, есепті мерзімде түнгі және компьютерлік клубтар мен ойын залдарында есірткілік заттарды сатуға қатысты 11 деректің беті ашылды.

Аталмыш орындардың басшылығымен тұрақты профилактикалық шаралар жүзеге асырылуда. Қазір есірткі сату оқиғалары бірнеше қайта тіркелген үш осындай орынға қатысты материалдар қалалық әкімшіліктің қарауында жатыр. С.Ридныйдың айтуынша, әкімшілік айыппұлмен бірге олардан осындай қызметпен шұғылдануға құқық беретін лицензиясы қайтарып алынады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны