08.02.2017, 20:14 4802

Алматы қалалық Халықаралық әуежайыныӊ қызметкерлері жолаушылардыӊ қол жүгінен ұрлық жасағаны үшін ұсталды

Арызданушыныӊ айтуынша, белгісіз біреулер оныӊ жеке қол жүгінен 3100 АҚШ доллары көлемінде ақша ұрлаған. Оқиға 2017 жылғы 3 ақпан күні "Алматы-Ашхабад" бағытындағы әуе рейсімен ұшу кезінде орын алған. Ол ақша қаражатыныӊ жоғалғанын Ашхабад қаласына жеткен кезде анықтаған.

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Көлік сақшылары екі күн ішінде "Алматы қалалық Халықаралық әуежайы" АҚ-ныӊ 4 қызметкерін жолаушылардыӊ қол жүгінен ұрлық жасағаны үшін ұстады,- деп хабарлайды көліктегі ІІД.

Алматы қаласы әуежайында жолаушылардыӊ қол жүгіне қатысты жасалған ұрлықтыӊ жаӊа фактісі белгілі болды.

Мәселен, 2017 жылғы 6 ақпанда Алматы қаласы әуежайындағы Ішкі істер желілік бөліміне 23 жастағы жолаушы арызданды. Арызданушыныӊ айтуынша, белгісіз біреулер оныӊ жеке қол жүгінен 3100 АҚШ доллары көлемінде ақша ұрлаған. Оқиға 2017 жылғы 3 ақпан күні "Алматы-Ашхабад" бағытындағы әуе рейсімен ұшу кезінде орын алған. Ол ақша қаражатыныӊ жоғалғанын Ашхабад қаласына жеткен кезде анықтаған.

Тура сол күні жедел-іздестіру шараларыныӊ барысында көлік сақшылары "ізін суытпастан" 30 бен 40 жас аралығындағы үш ер азаматты ұстады.

Тексеру барысында белгілі болғандай, жолаушылардыӊ қол жүктерін қабылдап-тарату қызметкерлері оқиға орын алған күні күндізгі ауысымға түскен, осылайша "Алматы-Ашхабад" бағытындағы әуе рейсініӊ жүктерін өткізу барысында әуе кемесініӊ жүк салу бөліміне өтіп, мақсатты түрде жолаушылар чемодандарыныӊ бірін ашып, 3100 АҚШ доллары көлеміндегі бір бума ақша қаражатын алып шыққан. Ұрланған ақшаны олар өзара теӊ бөліп алған. Ұсталғандардыӊ айтуынша, ақша қаражатын олар Алматы қаласыныӊ ақша айырбастау пунктерініӊ бірінде ауыстырып, жеке мақсаттарында пайдаланған, банктердегі несиелерін жауып, ойынханаларда жұмсаған.

Ұсталғандар өздерініӊ аталған қылмысқа қатысы бар екендіктерін мойындады.

Аталған факт ҚР ҚК-ніӊ 188 бабыныӊ 1 бөлімі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай тізіліміне тіркелді.

Еске сала кетейік, жуырда Көліктегі ІІД баспасөз қызметі өткен жылғы 25 желтоқсанда "Ақтөбе - Алматы - Киев" бағытындағы әуе рейсімен ұшу кезінде жолаушылардыӊ бірініӊ қол жүгінен су жаӊа ұялы телефон мен зергерлік бұйымдар - сырғалардыӊ ұрланғаны туралы хабарлаған.

Жедел-іздестіру шараларыныӊ барысында көлік полицейлері Алматы қаласы әуежайында ұрлық жасаған екі күдіктіні ұстаған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны