17.01.2007, 17:27 4208

Алматы қалалық ІІД көші-қон басқармалары қалада 25 мың 199 еңбек мигранттарын заңдастырды - ІІД

АЛМАТЫ. 17-қаңтар. Kazakhstan Today. Алматы қалалық ІІД көші-қон басқармалары заңның жүзеге асырылу кезеңі барысында 25 мың 199 еңбек мигранттары заңдастырылды. Оның ішінде Өзбекстаннан 12 мың , Қырғызстаннан 6 мың, Тәжістаннан екі мыңнан астам, Ресейден 305, қалғандары өзге де елдердің азаматтары (Грузия, Изірбайжан, Армения, Белоруссия, Украина) болған. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қалалық ІІД көші-қон полиция басқармасы ҚР "Заңсыз еңбек иммигранттарын заңдастыру жөніндегі" заңын жүзеге асыру мақсатында 2006 жылғы 1-тамыздан 31 желтоқсан аралығында қалада еңбек етіп жүрген мигранттарды заңдастыруға қатысты бір реттік акция өткізген болатын.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, заңдастырылғандардың негізгі бөлігі, атап айтқанда - 20 мың 375 адам қаланың құрылыс нысандарында еңбек еткен. Қалғандары - 2608 адам қызмет көрсету саласында , 1244 адам өзге де еңбек салаларында (базарлар, кеңсе және т.б) еңбек еткен.

Қалған еңбек иммигранттары үй шаруалары мен ауыл шаруашылығына жұмысқа тартылған. Олардың саны 972 адамды құраған. 603 еңбек иммигранттарын заңдастырудан бас тартылған. Соның ішінде 583 иммигранттар 2006 жылдың 31- мамырынан кейін келуіне орай, 12-сі қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылуына байланысты , 8-і - кәмелет жасқа толмағандықтан заңдастырылмаған. Алматы қалалық ІІД Көші-қон полициясы қызметкерлерінің еңбек заңсыз иммигранттарын заңдастыру бойынша жүргізген іс-шаралар барысында 14 мың 811 нысандар мен жеке үй құрылыстары тексерілді. Аталған іс-шараның нәтижесінде, 1200 заңды және 5 мың 121 жеке тұлғалар еңбек иммигранттарын заңдастыуға арыз берді. Акция барысында БАҚ арқылы ақпараттық насихаттау жұмыстары жүргізіліп, жұмыс берушілермен "дөңгелек үстел" ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда заңсыз еңбек иммигранттарын заңдастыру үшін бір реттік акцияның аяқталуына байланысты жасырын жүрген адамдарды анықтау мақсатында ҚР аумағында 2007 жылдың 8 мен 20-қаңтары аралығында "Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

ІІД-нің қызметкерлерімен аталған іс-шараның басталғалы шетелдіктердің жұмыс күшін пайдаланушы 457 кәсіпорындар мен ұйымдар, 116 оқу орындары тексерілді. Тексеріс барысында, шетел азаматтарының елге келуге қатысты 1 мың 890 тәртіп бұзушылығы анықталған. 206 өрескел тәртіп бұзушылар елімізден шығарылса, оның 45-і- алыс шетелдіктер, 161-і ТМД азаматтары болған.

ІІД-нің қабылдап тарату мекемесіне жеке басын куәландыратын құжатсыз 489 адам орналастырылса, оның ішінде 11- алыс шетелдік және 478 -і ТМД азаматтары болған.

Сонымен қатар Қазақстан республикасының 2569 азаматы жауапкершілікке тартылып отыр, олардың 71-і шетелдіктің жұмыс күшін пайдалану тәртібін бұзғаны, 247 шетелдікті елімізге әкелу тәртібін бұзғаны үшін, 2251 адам ешбір құжатсыз жүргені үшін жауапқа тартылды.

Іс-шара барысында ҚР аумағынан шығару туралы өзіне шығарылған шешімді орындамаған 3 шетелдік азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, көші -қон полициясы қызметкерлері "Мигрант" іс-шарасы кезінде іздеуде болған 11 адамды тұтқындап, 5 қылмысты ашып, "ізі суымаған" 3 қылмыскерді тұтқындады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны