29.04.2010, 14:16 3056

Алматы қалалық құрылыс басқармасының бас маманы балабақша құрылысы бойынша жалған актілерге қол қою арқылы мемлекетке 145 млн теңгенің шығынын келтірген

Алматы қаласында "Шаңырақ-2" шағын ауданындағы балабақша құрылысы бойынша жалған актілерге қол қойды деген айыппен құрылыс басқармасының бас маманына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Мемлекетке келтірілген залал 145 млн теңгені құрады.

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы қалалық құрылыс басқармасының бас маманы балабақша құрылысы бойынша жалған актілерге қол қою арқылы мемлекетке 145 млн теңгенің шығынын келтірген. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қаржы полициясы органдары өткен жылы "100 мектеп 100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында шыққан қылмыстар бойынша 87 қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 1,6 млрд теңгені құрады",- деді М.Жұманбай.

Оның айтуынша, мәселен, Алматы қаласында "Шаңырақ-2" шағын ауданындағы балабақша құрылысы бойынша жалған актілерге қол қойды деген айыппен құрылыс басқармасының бас маманына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Мемлекетке келтірілген залал 145 млн теңгені құрады.

"Оңтүстік-Қазақстан облысында 5 жыл бас бостандығынан айыруға "Saulet Enbek" құрылыс компаниясының директоры Арапбаев сотталды. Ол Ленгер қаласындағы мектеп құрылысына бөлінген 120 млн теңгені алаяқтық жолмен иеленіп алған",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны