26.03.2007, 18:55 3173

Алматы қалалық прокуратурасы "Алматыжердің" іс-қызметін регламенттейтін қала әкімінің қаулысын күшсіз деп тану туралы сотқа шағым түсірді

АСТАНА. 26-наурыз. Kazakhstan Today. Алматы қалалық прокуратурасы "Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына жер телімдерін тәркілеп алу құқығын беру туралы қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қаулысын күшсіз деп тану туралы Алматы қалалық ауданаралық экономикалық сотына шағым түсірді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық прокутарурасының хабарлады.

"Шағым қарауға қабылданды, бірақ ол бойынша сот мәжілісі әлі өткен жоқ",- деп хабарлайды прокуратура.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының бас прокуроры Рашид Түсіпбеков Алматы қаласындағы "Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны мен Астанадағы осы тектес "Пәтерлер бюросы" кәсіпорынының қызметі заңға қайшы, деп мәлімдеген.

Прокурордың сөздеріне сүйенсек, аталмыш кәсіпорындардың қызметі құрылыс фирмалары мен азаматтардың арасындағы делдалдыққа негізделген, ал жер заңнамасына сәйкес, құрылыс салушы меншік иесімен оған келген шығын төлемақысы туралы өз бетімен келісім жасауға тиіс.

"Алматы прокуратурасы 2007 жылдың 16-ақпанында Алматы әкімшілігінің № 3/780 қаулысына (Алматы қаласындағы жер телімдеріне құқық беру ережелері) қарсылық білдіріп, оның күшін жоюды талап етті.

Аталмыш қаулыға Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов 2006 жылдың 9-маусымында қол қойған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны