21.01.2010, 17:32 3026

Алматы қалалық тұрғын үй басқармасының жұмысынан заң бұзушылықтар анықталды - прокуратура

Алматы қалалық тұрғын үй басқармасының жұмысынан заң бұзушылықтар анықталды - прокуратура

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы қалалық тұрғын үй басқармасының жұмысынан заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы прокуратурасы "Алматы қалалық тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы аясында баспананы сатуда тұрғын үй заңнамасының қолданылуына тексекру жүргізу барысында заң бұзушылықтарды анықтады".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы аясында салынған баспананы жергілікті атқарушы билік органдарының сату ережелеріне сәйкес халықтың басымдық берілген санатына мыналар жатады: "Мемлекеттік қызметкерлер" санаты, "Мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері" санаты, "Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері" санаты, "Балалары бар жас отбасылар" санаты.

Алайда, "ішінара жүргізілген тексерулердің нәтижесінде басымдық берілген санаттарға жатпайтын тұлғаларға баспананы сату мүмкіндігі жөнінде шешімдер қабылдау, мемлекеттік бағдарлама аясында баспана алу үшін отбасының құрамына отбасына мүше болып табылмайтын адамдарды негізсіз қосу деректері анықталды",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тексеру барысында Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау тәртіптері туралы" заңның талаптарын бұзудың бірқатар оқиғалары анықталды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны