03.05.2018, 23:08 7908

Алматы қаласы әкімдігі "Атакентпен" арадағы жер учаскесін уақытша жалға алу жөніндегі келісімді бұзды

Алматы қаласы әкімдігініӊ қаулысымен, Қазақстан Республикасыныӊ Жер кодексіне сәйкес және Жер комиссиясыныӊ қорытындысы негізінде "Атакент" Қазақстанныӊ іскерлік ынтымақтастық орталығы" арасындағы 23 гектар жер учаскесін уақытша жалға алу жөніндегі келісім күшін жойды

Алматы. 3 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы қаласы әкімдігініӊ қаулысымен, Қазақстан Республикасыныӊ Жер кодексіне сәйкес және Жер комиссиясыныӊ қорытындысы негізінде "Атакент" Қазақстанныӊ іскерлік ынтымақтастық орталығы" арасындағы 23 гектар жер учаскесін уақытша жалға алу жөніндегі келісім күшін жойды.

Қазақстанныӊ іскерлік ынтымақтастық орталығы "Атакенттегі" жер учаскесі 54,1 гектарды құрайды. Оныӊ 31 гектары жеке меншікте, ал 17 гектарында түрлі сауда, мейманхана және спорт кешендері орналасқан.

Қазіргі кезде Алматы әкімдігі барлық құқықтық құжаттарды тексеруде. Игерілмеген 14 гектар жерге шектеу қойылған.

Дегенмен, мақсатты негізде салынған көрме павильондары немесе өзге де нысандарды сүру жоспарда жоқ.

Еске салсақ, атқарушы компанияныӊ "Атакент" Қазақстанныӊ іскерлік ынтымақтастық орталығыныӊ айналасын дамыту туралы өздеріне алған міндеттемелерін орындамауы салдарынан Алматы әкімі Бауыржан Байбек жалға беру келісімін тоқтату және қоғамдық кеӊістік жерін қаланыӊ коммуналдық меншігіне қайтару туралы мәселені әзірлеуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны