16.10.2015, 17:17 4624

Алматы қаласы әкімініӊ орынбасарлары ауысты

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы мен Құдышев Мұрат Тиішбекұлы өз қызметтерінен босатылды

Алматы. 16 Қазан. Kazakhstan Today - Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы мен Құдышев Мұрат Тиішбекұлы өз қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Президент әкімшілігініӊ келісімі бойынша Алматы қаласы әкімініӊ өкімімен қала әкімініӊ орынбасары лауазымдарына Қырықбаев Арман Оразбайұлы және Жүнісова Исел Абылайқызы тағайындалды.

Арман Оразбайұлы Қырықбаев ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар саясаты, тілдерді дамыту және басқа да мәселерге жетекшілік етеді.

Исел Абылайқызы Жүнісова экономика, бюджеттік жоспарлау және қаржы мәселелерімен айналысатын болады.

Арман Оразбайұлы Қырықбаев, 1976 жылы Целиноград қаласында дүниеге келді.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша бітірді.

2002 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Дипломатия академиясын халықаралық қатынастар саласында маман лауазымын алды.

Еӊбек өтілі:

И Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ референті (1996-1997);

И Қазақстан Республикасыныӊ Өзбекстандағы елшілігінде атташе, үшінші хатшы (1997-2000);

И Дипломатиялық академияныӊ тыӊдаушысы (2000-2002);

И Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ ТМД істері бойынша комитеттіӊ екінші хатшысы (2002);

И "Корпорация "АВЕ" ЖАҚ Стратегия және маркетинг департаментініӊ директоры, кейін Корпоративтік даму департаментініӊ директоры (2002-2004);

И Қазақстан Республикасында "Ойлтранс ЛТД" компаниясы филиалыныӊ директоры (2003-2005);

И Алматы қаласы Медеу ауданы әкімініӊ орынбасары (2005);

И Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорыныӊ директоры (2005-2006);

И Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыстар департаментініӊ директоры (04.2006-02.2008);

И Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігініӊ Мәдениет комитетініӊ төрағасы (02.2008-01.2010);

И Қарағанды облысы әкімініӊ орынбасары (01.2010-02.2012);

И Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі (02.2012-12.2013);

И "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасарыныӊ кеӊесшісі (02.2014-08.2015).

Исел Абылайқызы Жүнісова, 1977 жылы Алматыда дүниеге келген.

1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. 2001 жылы аталған ЖОО-да магистр дәрежесін алды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік басқару жоғары мектебініӊ магистр дәрежесін иеленген (Токио қ., Жапония).

Еӊбек өтілі:

"Қазақойл - АЗС" ЖШС қаржы талдаушысы (1999-2000).

ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігі Стратегиялық жоспарлау және бақылау жөніндегі департаментініӊ жетекші маманы (2000-2001)

И ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігі Стратегиялық жоспарлау және бақылау жөніндегі департаментініӊ стратегия және салалық даму бөлімініӊ бас маманы (2001-2002)

И ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігініӊ мемлекеттік кірме және несиелеуді жоспарлау департаменті мемлекеттік қарызды талдау бөлімініӊ бастығы (2002-2003);

И "ҚазТрансГаз" АҚ, "Интергаз Орталық Азия" АҚ, "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі АҚ (2003-2008);

И Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігініӊ Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында сектор меӊгерушісі (2008-2010);

И Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігініӊ Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меӊгерушісініӊ орынбасары, Астана қ.(2010-2013);

И "Нұр Отан" партиясы орталық аппараты жетекшісініӊ орынбасары (2013-2014);

И "Нұр Отан" партиясы орталық аппараты жетекшісі (02.2014-01.2015)

Сондай-ақ, басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ильин Юрий Викторович Алматы қаласы әкімі орынбасары қызметінен босатылды.

Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны