23.09.2009, 12:07 20448

Алматы қаласы ІІД 14 адамнан тұратын бандалық құрылымды залалсыздандырды

Алматы қаласы ІІД 14 адамнан тұратын бандалық құрылымды залалсыздандырды

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мақсатты бағытталған жұмысты өткізу барысында 14 адамнан тұратын бандалық құрылымды залалсыздандырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мақсатты бағытталған жұмысты өткізу барысында 14 адамнан тұратын бандалық құрылымды залалсыздандырды. Осы топқа қатысты ұзақ мерзімді жедел әзірлемені іске асыру кезінде олардың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді, қылмыстық топтың 3 мүшесі 17 қыркүйекте Алматы қаласының маңындағы саяжай учаскелерінің бірінде 15 қыркүйекте қаланың орталығынан айдап әкетілген "Джип Ланкрузер" автомашинасын сату үстінде ұсталды",- деліген хабарламада.

ІІМ ақпаратына сәйкес, келесі күні таңғы сағат 5.00-де "Сұңқар" және "Арлан" арнайы бөліністерін тарта отырып, одан әрі жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Алматы қаласының "Дубок-2" шағын ауданындағы коттеждердің бірінде осы топтың тағы да 11 мүшесі ұсталды, олардың бәрі Алматы облысының тұрғындары.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "үйлерін тінту кезінде олардан 2 "Калашников" автоматы, 2 "ТТ" тапаншасы, 2 "ПМ" тапаншасы және бір "Стечкин", олардың екеуі дыбыс шығармайтын қондырғысымен, 4 ракетница, сондай-ақ 7 граната және 18 жару пакеттері, автоматтар мен тапаншаларға 1000-нан астам оқ-дәрілер, 2 бронежилет, 2 кастет, 2 рация және 8 бетперде алынды.

Бұл қылмыстық топ жақсы ұйымдасқан, көптеген қару-жарақ арсеналы, оқ-дәрілері болған, сондай-ақ қылмыстық топ техникалық құралдар мен радиостанцияларды пайдаланып, ауыр қылмыстарды жасау кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жасырын бақылауды қамтамасыз еткен".

Полицияның ақпаратына сәйкес, бандалық құрылымның негізгі әрекеті дәулетті азаматтар мен қымбат автомашиналардың жүргізушілеріне атыс қаруын қолданып, қарақшылық шабуыл жасау болып табылған.

"Қазіргі уақытта осы қылмыстық топ 2008 жылғы қазанда "Оазис" дәмханасында Талдықорған қаласының үш тұрғынын өлтіруге қастандық жасауға; 2008 жылғы қаңтарда Алматы қаласының "Ақсай" шағынауданындағы "Назерке" дәмханасында оқпен жарақаттау қылмыстарына негізді күдіктелуде. Топ мүшелерінің бірі Толиков 2008 жылғы қарашада кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздестіруде болған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Сонымен бірге олар көптеген қарақшылық шабуылдар жасағанын және қымбат автомашиналарды айдап әкеткен қылмыстарын мойындады. Олардың уақытша тұратын жерлерінен еш құжаты жоқ қымбат тұратын тағы да 4 автомашина табылды, автомашиналар ұрланған автокөлік ретінде іздестіруде тұрғаны тексерілуде. Бандалық құрылымның барлық мүшелері атыс қаруын қолданумен жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде",- деп хабарлайды ІІМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны