05.11.2018, 00:01 6504

Алматы қаласы Наурызбай ауданыныӊ әкімі ауданныӊ әлеуметтік-экономикалық ахуалы туралы баспасөз мәслихатын өткізді

Наурызбай ауданы қаламыздыӊ оӊтүстік батыс бетінде орналасқан, шығысында Иуезов және Бостандық аудандарымен, батысында Алматы облысы Қарасай ауданымен, оӊтүстігінде Іле Алатау паркімен, солтүстігінде Алатау ауданымен шектеседі.

Алматы. 4 қараша. Kazakhstan Today - Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметі алаӊында Алматы қаласы Наурызбай ауданыныӊ әкімі Тоғай Санжар Иділұлыныӊ қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Наурызбай ауданы қаламыздыӊ оӊтүстік батыс бетінде орналасқан, шығысында Иуезов және Бостандық аудандарымен, батысында Алматы облысы Қарасай ауданымен, оӊтүстігінде Іле Алатау паркімен, солтүстігінде Алатау ауданымен шектеседі.

Наурызбай ауданы 2014 жылдыӊ 2 шілдесінде әкімшілік бірлік болып құрылды. Наурызбай ауданына көлемі 6967 гектар жерді қамтитын Алматы облысынан 11 ауылдық округтер және Иуезов ауданыныӊ Қалқаман 1,2,3,4 шағынаудандары кірген. Статистика органдарыныӊ мәліметі бойынша ағымдағы жылдыӊ 1 шілдесіндегі ақпаратына сәйкес, тұрғындар саны 125 440 адам.

Ауданныӊ салық түсімдер 4 жыл ішінде 391 млн (2014 жыл) теӊгеден 6,4 млрд теӊгеге (2017 жыл) дейін өсті, соныӊ ішінде ЖБ 301 млн теӊгеден 4 млрд теӊгеге дейін және РБ 90 млн теӊгеден 2,4 млрд теӊгеге дейін.

Ағымдағы жылғы 10 ай бойынша салық түсімдерініӊ сомасы 6,3 млрд теӊгені құрап, өсу қарқыны 124%. Салық түсімініӊ жылдық жоспары 7 млрд теӊге. Жылдық өсу қарқыны 111%.

Жыл басынан бері жаӊадан 15 937 салық төлеуші субъект тіркелген: жеке тұлға 14 383, заӊды тұлға 469, жеке кәсіпкер 1 085.

Қазіргі уақытта ауданда тіркелген заӊды тұлғалардыӊ саны - 2 145, жеке кәсіпкерлер - 5 530.

Ауданда жалпы 21 шағын өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс атқарады. Ауданныӊ өнеркәсіп өндірісініӊ негізгі бағыты бетон өнімдерін, құрылыс материалдарын және ағаш өнімдерн өндіру болып табылады.

Өнеркәсіп өнімдерініӊ өндіріс көлемі ағымдағы жылғы қаӊтар-қыркүйек айларына 3 млрд 797 млн теӊге соммасын құрады, физикалық көлем индексі 103,4 %.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 32,9 млрд теӊгені құрап, 2015 жылдан бері 4 есеге артқан (2015 ж. 7 млрд. тг.)

Аудан құрылғаннан бері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерініӊ саны (заӊды тұлғалар) 7 есеге өсіп, 1 238 жетті, 3 376 жаӊа жұмыс орындары ашылды.

Наурызбай ауданы тұрғындары 50% сумен қамтамасыз етілген, оныӊ 30% қалалық жүйе, 20 % - жеке су ұӊғымалары. Қалған 50% Ақсай және Қарғалы өзендеріндегі ашық су тоғандарынан пайдаланып отыр.

Аудандағы су құбырыныӊ жалпы ұзындығы 356 шақырым: оныӊ 246 шақырымы орталық желілер, 110 шақырымы - таратушы желілер; кәріз құбырыныӊ ұзындығы - 114 шақырым. Бұл аталған желілер 50 жылдан астам уақыт пайдаланылып келгендіктен қазіргі уақытта едәуір тозығы жеткен(60-80%). Сондықтан жеткізіліп отырған су сапасы өте төмен.

Ағымдағы жылы аудандық апаттық қызмет бөлімініӊ күшімен 316 жер астынан орын алған апаттық жағдай және 118 су құбыры құдығында орын алған апаттық жағдай қалыпқа келтірілді.

"Ақбұлақ" бағдарламасы шеӊберінде Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ тапсырысымен Қалқаман-1,2,3 және Алты-Алаш шағынаудандарын сумен және кәріз құбырымен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 123 шақырым су және 80 шақырым кәріз құбырыныӊ құрылысы жүргізілді.

Су жетіспеушілігі орын алған мерзімде аудан әкімі аппараты "Алматы су" МКК бірлесе отырып арнайы су тасығыш көліктер арқылы су жеткізу жұмыстарын ұйымдастырады.

Ағымдағы жылы жаз маусымында Ақжар шағынауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерді сумен қамтамасыз ету мақсатында Д-80 мм ұзындығы 1,2 шақырым Таусамалы шағынауданы Жандосов көшесі арқылы уақытша су құбыры жүргізілді.

Электр желілерініӊ тозу көрсеткіші бүгінгі күнде 60-70% құрайды. Аудан аумағында 512 трансформатор қондырғысы бар, электр желілерініӊ жалпы ұзындығы 678,2 шақырым.

Электр желілерініӊ таратылу сапасын жақсартуда бюджет есебінен Ақжар станциясы құрылысыныӊ 2 кезеӊі аяқталды. Бұл станцияныӊ құрылысы алдағы уақытта Наурызбай ауданын сонымен қатар, Бостандық және Иуезов аудандарын электрмен қамтамасыз ететін болады.

Аудан аумағында жалпы ұзындығы 288,9 шақырым құрайтын 348 көше бар. Аудан құрылған уақыттан бері жалпы ұзындығы 144,3 шақырым құрайтын 211 көшеге асфальт жабындысы төселді, соныӊ ішінде ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 32,7 шақырымды құрайтын 41 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Асфальт төсемімен жабдықталған көшелердіӊ үлесі 60,3 % - дан артты, 2014 жылы бұл көрсеткіш 25% -ды құрады. Ауданныӊ көптеген көшелерінде инженерлік желілердіӊ болмағандығына және баубақша бірлестіктерініӊ кондоминиум нысаны болуына байланысты асфальт жабындысы жүргізмейді.

4 жыл ішінде 42 көшеде 54,2 шақырым құрайтын сыртқы жарықтандыру желілерініӊ құрылысы жүргізіліді. (1723 жарық шамдары көше бойында және 375 шам аула аумағында).

Қазіргі уақытта сыртқы жарықтандыру желілері 348 көшеніӊ 89 көшеде (3914 шам) орнатылған. Пайыздық қатынаста ауданныӊ көшелері 25 % қамтылған.

2017 жылы 153 га аумағында 2,4 млрд теӊгеге 1,2 шақырым құрайтын Абай даӊғылы құрылысыныӊ бірінші кезеӊі аяқталды.

Төрт жыл ішінде жалпы ұзындығы 70,864 шақырым құрайтын 70 көшеде жаяу жүргінші жолдары салынды. 2018 жылы 15,671 шақырым құрайтын жаяу жүргінші жолдары салынды, ал 2019 жылы 14 шақырым жоспарлануда. Аудан аумағы жаяу жүргіншілер жолдарымен 20,1 % қаматылған.

Аудан құрылған кезде арық жүйелері 19 шақырым құрайтын 24 көшеде ғана болса, қазіргі уақытта 52 көшеде жалпы ұзындығы 55,2 шақырымды құрайтын арық жүйелері бар, яғни 4 жыл ішінде 28 көшеде 36 шақырым құрайтын жаӊа арық жүйелерініӊ құрылысы жүргізілген.

Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына арық жүйелерініӊ жаӊа құрылысын қажет ететін 30 көшеге жалпы ұзындығы 28,8 шақырым құрайтын жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге тапсырыс жолданды.

"Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасы және бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2015-2016 жылдары 28 аула аралық аумаққа көріктендіру жұмыстары жүргізілді.

2017 жылы жұмыстар 17 аулаға жасалып, пайдалануға берілді. Дәл осындай жұмыстар ағымдағы жылы жалғасып, 6 аула көріктендірілді. Сонымен қатар, 2019 жылға 20 ауланы күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

Аудандығы газ құбырыныӊ ұзындығы 662,4 шақырым құрайды, тұрғындардыӊ 95% газбен қамтамасыз етілген.

Аудандағы 186 көп қабатты тұрғын үйлердіӊ 73-і орталық жылу жүйесіне қосылған тұрғындардыӊ саны 13 635 -тен асады, қалған 64 көп қабатты тұрғын үй автономды қазандықтар арқылы және 49 үй жеке электр пештері арқылы жылытылады.

2018 жылғы 9 айдыӊ қорытындысына сәйкес, Наурызбай ауданында 1730 құқық бұзушылық жасалды (қаланыӊ аудардарыныӊ арасында еӊ төмен), ал олардыӊ ашылуы деӊгейі 44,8 пайызды құрайды (қаланыӊ аудардарыныӊ арасында еӊ жоғары).

68 ауыр және аса ауыр қылмыс жасалды (қаланыӊ аудардарыныӊ арасында еӊ төмен), ал олардыӊ ашылуы деӊгейі 73,9 пайызды құрайды (қаланыӊ аудардарыныӊ арасында еӊ жоғары).

Бүгінгі күнде аудандағы халықтыӊ әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарыныӊ саны 13 175құрап отыр,оныӊ 7 845 зейнеткер, 5 330 жәрдемақы алушылар.

Ауданда 1,2,3 топтағы жалпы мүгедектер саны - 1 680 адам, оныӊ ішінде 16 жасқа дейінгі балалар саны - 301. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жыл баснан бері әртүрлі әлеуметтік көмек түрлері бойынша 1 261 тұрғын жүгініп, оныӊ 792-ніӊ өтініштері толыққанды қаралды.

Бүгінгі күні ауданда 3381 баланы қамтитын 64 мектепке дейінгі білім мекеме жұмыс істейді.

- 2 мемлекеттік - 495 бала;

- 62 жекеменшік балабақша - 2963 бала.

Биыл 581 балаға арналған 14 жекеменшік балабақша ашылды және жылдыӊ соӊына дейін 6 балабақша ашу жоспарда бар.

Ауданда 15 256 оқушыны қамтитын 15 мектеп бар. Оныӊ:

- 9 мемлекеттік - 13 729 бала (4-мектеп-гимназия, 4-ЖББМ, 1-мектеп интернат);

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны