30.11.2009, 16:37 6005

Алматы қаласында қарақшылық шабуыл арқылы айдап әкетілген бір джип Қырғызстаннан табылды - ІІМ

Алматы қаласында қарақшылық шабуыл арқылы айдап әкетілген бір джип Қырғызстаннан табылды - ІІМ

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - Алматы қаласында қарақшылық шабуыл арқылы айдап әкетілген бір джип Қырғызстаннан табылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қараша айының ортасында Алматы қаласында белгісіз адамдар қымбат тұратын екі "Джип" автомашинаның жүргізушілеріне қарақшылық шабуыл жасаған болатын. Тергеу барысында күдікті қылмыскерлер өздерінің жәбірленушілерін газеттегі хабарландырулар бойынша салтанатты тойларда қызмет көрсететін фирмалардың арасынан таңдағаны және кездесетін жерін алдын ала белгілеп, жүргізушілерге қарақшылық шабуыл жасап, машиналарды ұрлағандары анықталды",- деді Қ.Жұманов.

Оның хабарлауынша, криминалдық полиция қызметкерлері қажетті кешенді іс-шаралар жүргізу негізінде ұрланған автомашиналардың Қырғызстанға жіберілгендігі анықтады.

"Қырғызстанның құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде Бішекек қаласында автомашиналардың бірі - "Мерседес-Бенц G55" автомашинасы табылды. Қазіргі уақытта автомашинаны иесіне қайтару туралы мәселе шешілуде, екінші көліктің орналасқан жері мен күдіктілерді анықтау бойынша жұмыс жалғасуда",- деді ІІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны