25.01.2012, 14:41 3433

Алматы қаласында "Қауіпсіз қала" бағдарламасы аясында екі мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылады

"Полицияның техникалық көмекшісі" қоғамдық орындарда, мектептерде және ірі мегаполистің жоғары оқу орындары мен жол қиылыстарына орнатылмақ. Полицейлердің айтуына қарағанда, жаңа қондырғы көше тәртібін бақылап қана қоймай, қылмыстың алдын алып, онымен тікелей күресте де өз тиімділігін арттырмақ.

Алматы. 25-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы қаласында "Қауіпсіз қала" бағдарламасы аясында екі мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "полицияның техникалық көмекшісі" қоғамдық орындарда, мектептерде және ірі мегаполистің жоғары оқу орындары мен жол қиылыстарына орнатылмақ. Полицейлердің айтуына қарағанда, жаңа қондырғы көше тәртібін бақылап қана қоймай, қылмыстың алдын алып, онымен тікелей күресте де өз тиімділігін арттырмақ.

"Бүгінгі күні "Қауіпсіз қала" бағдарламасын іске асыру әлі де қызу жалғасуда. Жаңа оқу жылы басынан 16 мектепте 1 464 бейнекамера орнатылды. Колледждер мен жоғары оқу орындарында 700 камера жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта қаланың 107 көше қиылыстарына 400 бейнекамера орнату қолға алынуда. Олар көше бойындағы қозғалған автокөліктердің тіркеу санын бақылауды, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған көлікерді, жалпы көше тәртібін бақылауға бағытталатын болады"- дейді Алматы қаласы ІІД Жедел басқару Орталығы бастығы, полиция полковнигі Андрей Квашинин.

Оның айтуынша, мұнымен қатар Алматыда қалалық "Қауіпсіз қала" бағдарламасы енгізілген. "Бұл шара аясында 70 тұрғын үй кешені мен мыңға жуық тұрғын-жай қорғауға алынды. Бүгінгі таңда Алматыда 22 мың подьездердің 80-пайызына "домофон" орнатылуының арқасында пәтер ұрлығының алды алынуда. Бұнымен қатар, тұрақты түрде барлық аудандарда ПИК басшылары учаскелік уәкілдің қатысуымен профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Бұл жұмыстарға қоғамдық көмекші отрядтар да өз көмегін көрсетуде",-дейді А. Квашинин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны