10.02.2010, 15:35 3332

Алматы қаласында өткен жылдың желтоқсанынан бері кәмелетке толмаған екі қызды күштеп ұстаған притонның қызметіне тосқауыл қойылды

Алматы қаласында өткен жылдың желтоқсанынан бері кәмелетке толмаған екі қызды күштеп ұстаған притонның қызметіне тосқауыл қойылды

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы қаласында өткен жылдың желтоқсанынан бері кәмелетке толмаған екі қызды күштеп ұстаған притонның қызметіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ІІМ ақпаратына сәйкес, "8 ақпанда Алматы қаласының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысының үш тұрғынын ұстады. Олар Алматы қаласында жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырып, онда өткен жылдың желтоқсанынан бері кәмелетке толмаған екі қызды күштеп ұстаған және ұрып-соғып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген".

"Ұсталғандардың бірі жәбірленушілерді жалған жолмен Алматыға әкеліп, электрошокермен қорқытып, айтқанын істеткен",- деді Қ.Жұманов.

"Арнайы операция барысында жәбірленушілер босатылды. Ұсталғандарға қылмыстық кодекстің бірқатар баптары - адам ұрлау, бостандығынан айыру, притон ұйымдастыру, жезөкшелікпен айналысуға тарту, сондай-ақ жеңгетайлық бойынша айып тағылып отыр",- деді ІІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны