04.12.2013, 18:50 2657

Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін қаржыландыруға бағытталған 10,5 миллион теңге тәркіленді

Алматы қаласында ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірлесіп, ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін қаржыландыру фактісі жөніндегі жедел ақпараттың рас-өтірігін тексерген болатын.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. Алматы қаласында ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірлесіп, ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін қаржыландыру фактісі жөніндегі жедел ақпараттың рас-өтірігін тексерген болатын, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде, Алматы қаласына кірер тұста бұрын сотталған 30 жастағы қала тұрғыны басқарып келе жатқан "BMW" автокөлігі тоқтатылды. Көлікте 33 жастағы жолаушы да болған.

Салонды тінту кезінде 10,5 миллион теңге көлемінде ақша тәркіленіп алынды.

Сол күні Алматы қаласында аталған қылмысқа қатысы бар тағы да үш тұрғын қолға түсті. Аталған фактігі қатысты ҚР ҚК-нің 235-4 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті жинау, сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу). Тергеу амалдары жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны