07.10.2009, 15:00 1729

Алматы қаласында үлескерлердің 103 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын ұрлаған Түркия азаматы іздеуге жарияланды

Алматы қаласында үлескерлердің 103 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын ұрлаған Түркия азаматы іздеуге жарияланды

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласында үлескерлердің 103 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын ұрлаған Түркия азаматы іздеуге жарияланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Алматы қаласында "Ақ Жайық ЛТД" ЖШС басшысы Түркия азаматы Мустафа Курмаз сот санкциясымен іздеуге жарияланды. Ол үлескерлердің 103 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын ұрлаған. 84 млн теңгенің мүлкіне тыйым салынған",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны