02.06.2014, 20:32 2716

Алматы қаласындағы Қаржы орталығын дамыту тұжырымдамасы 2014 жылдың соңында қабылданады

Бүгін Үкімет отырысында 2020 жылға дейінгі Алматы қаласының Қаржы орталығын дамыту тұжырымдамасын қайта қарау мен оны биылғы жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылдау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Үкімет отырысында 2020 жылға дейінгі Алматы қаласының Қаржы орталығын дамыту тұжырымдамасын қайта қарау мен оны биылғы жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылдау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

"Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет отырысы өтті. Онда Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту мәселесі түбегейлі қарастырылып, 2020 жылға дейінгі Алматы қаласының қаржы орталығын дамыту тұжырымдамасын қайта қарау мен оны биылғы жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылдау туралы шешім қабылданды", - дейді Қ.Келімбетов.

Аталмыш құжатты дайындауға барлық мемлекеттік органдар араласады. Сонымен қатар, Еуропалық даму және қайта құру банкі, Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк пен Ислам банкінің кеңес берушілері тартылмақ.

"Жаһандық және өңірлік қаржы орталықтарын дамыту бойынша жұмыс тобының атқарған шаруалары негізінде алдын ала әдістер дайындалды. Осы тұрғыда құрлықаралық ынтымақтастықтың платформасына айналуда Алматының барлық мүмкіндіктері бар", - дейді Ұлттық банк төрағасы.

Қ.Келімбетовтың айтуынша, Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай секілді жаһандық қаржы орталықтарының дамуы Қазақстан үшін де теңдессіз сабақ болмақ.

"Аталмыш тәжірибеден біз экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеміз. Бәсекеге қабілеттілік бойынша жаһандық есеп бойынша Қазақстан бүгінгі таңда алғашқы елу елдің қатарында", - дейді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны