21.11.2018, 13:24 9839

Алматы қаласыныӊ Алмалы ауданыныӊ әкімі ауданныӊ 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші туралы есеп берді

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында Алматы қаласыныӊ қасиетті орындары тізіміне ауданнан А.Байтұрсынұлыныӊ мұражай-үйі, Райымбек батыр кесенесі, бұрынғы үкімет үйі орналасқан Қазақ-Британ техникалық университетініӊ ғимараты енгізілген.

Астана. 21 қараша. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ Алмалы ауданыныӊ әкімі ауданныӊ 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші туралы есеп берді.

Оныӊ айтуынша, Алмалы ауданыныӊ 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жалпы алғанда әлеуметтік салада және экономиканыӊ нақты секторында оӊ үрдістердіӊ сақталғандығын көрсетеді. Бүгінде ауданныӊ салық түсімі 229,3 млрд. тенгені құрап, жоспардыӊ орындалуы 102%-ды болды.

Республикалық бюджет түсімі 152,3 млрд.теӊгені құрап, жоспар 102%-ға орындалды.

Жергілікті бюджет түсімі 76,9 млрд.теӊгені құрап, жоспардыӊ орындалуы 102%-ды құрады.

Қала бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемініӊ 18,6% үлесі Алмалы ауданына тиесілі.

Ағымдағы жылдыӊ 10 айы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 133 млрд.теӊгені құрап, физикалық өндіріс көлемі 103,4%-ды көрсетті. Өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊінде 105,8 млрд.теӊге болған.

Негізгі капиталдағы инвестициялар көлемі 61,6 млрд.теӊге.

Биылғы Жолдауда Президент "Бизнесті өркендетудіӊ тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керек", - деп атап өткен болатын.

Аудан аумағында 30 960 кәсіпорын тіркелген, оныӊ 16 004-і жұмыс жасайтын кәсіпорын. Тіркелген шағын және орта бизнес субъектілер саны 28 659, оныӊ 14 788-і жұмыс жасайды.

"Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бағдарламасына 15 кәсіпорын қатысуда, жалпы сомасы 4,1 млрд.теӊге.

"Жібек жолы" бағдарламасы бойынша 10 кәсіпкер жалпы сомасы 369 млн. теӊгені құрайтын жеӊілдік несиесін алды.

"Халықты нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту - 2017-2021" бағдарламасы бойынша 756 млн.теӊгеніӊ сомасындағы 54 жоба екінші деӊгейлі банктердіӊ қарауында жатыр. Соныӊ ішінде, 34 жоба қаржыландырылды, 4 жоба мақұлданды, 11 жоба жұмыс барысында және 11 жоба қарастырылу үстінде.

"Индустрияландыру картасы - 2015-2019жж" екінші бесжылдығы аясында 3 компания қатысуда, жалпы инвестиция сомасы 7,3 млрд. теӊге ("АДЗ" АҚ, "МеталлПромГруп" АҚ, "Корпорация Сайман" ЖШС).

Жаӊа өндіріс орындары мен кәсіпкерлік нысандарын ашуға, жаӊа жұмыс орындарын құруға ерекше мән беріледі. Жыл басынан бері 2 776 жұмыс орны ашылды.

Ірі және орта кәсіпорындарда жалдамалы жұмысшылар саны 111 290 адам. Бір жұмысшыныӊ орташа жалақасы 195 835 теӊгені құрайды.

Ағымдағы жылы "Абылай хан Плаза" сауда-әкімшілік кешені, "Жібек жолы" сауда-құрылыс орталығы ашылды және "Қайсар плаза" әкімшілік нысаныныӊ ашылуы жоспарлануда. Жалпы көлемі 201 098 ш.м. құрайды. Тартылған инвестициялар соммасы 45 млрд. теӊгені құрап, 1000-нан астам жұмыс орны құрылады.

Сонымен қатар, "Жібек жолы" бизнес орталығында Tech Garden IТ кварталы орналасқан. Негізгі мақсаты цифрлы экономика міндеттерін шешуге, жастарға арналған, ұдайы қарым-қатынасқа бағытталған инновациялық IТ экожүйесініӊ ұзақ мерзімдік процестерін қалыптастыру.

Біздіӊ аудан - қаламыздыӊ тарихи, экономикалық-мәдени орталығы және жасыл желекке көмкерілген аудандардыӊ бірі. Ендігі біздіӊ міндет көріктендіруді жалғастырып, алматылықтар мен туристер үшін ыӊғайлы орта қалыптастыру.

Аудан аумағында архитектор Ян Гейлдіӊ идеясы жүзеге асырылуда. Осы бағытта биылғы жылы Абай, Назарбаев, Абылай хан даӊғылдары мен Ийтеке би көшесі (Наурызбай батыр және Назарбаев даӊғылдарыныӊ аралығы) қайта жасалыд.

Сондай-ақ, биылғы жылы Сайран көлініӊ шығыс жағалауы ағымдағы жөндеуден өтті.

Қазіргі уақытта Ганди саябағында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 11 жерасты өткелдері кешенді жөндеуден өтті. Жаӊартылған жерасты өткелдерінде сауда орындары жойылып, светодиодты жарық, музыка ойнату құрылғысы, видеокамералар мен әжетханалар орнатылды.

Аудан бойынша 9 мекенжайда субұрқақ (Назарбаев д-ы, Қарасай батыр к-сі қиылысы; Абай д-ы, Абылай хан д-ы қиылысы; Абай д-ы, Назарбаев д-ы қиылысы; Абай д-ы, Масанчи к-сі қиылысы, Абай д-ы, Досмұхамед к-сі қиылысы; Абылай хан д-ы, Шевченко к-сі қиылысы; Абылай хан д-ы, Қарасай батыр ( батыс және шығыс жағы) және Абай д-ғы, Маметова к-сі қиылысы) және Панфилов көшесі мен Жібек жолы көшелерініӊ қиылысында су ішуге арналған субұрқақтар ашылды.

Бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігі аясында 4 спорттық және 5 балалар алаы ашылды.

Демеушілердіӊ көмегімен Жамбыл көшесі 168а мекенжайында орналасқан Алмалы аудандық мүгедектер қоғамыныӊ ғимараты және 32,9 млн.теӊге көлемінде 22 ғимараттыӊ қасбеттері жөндеуден өтті.

Санитарлық тазалық мәселесіне ерекше мән беріледі. Ауданда 274 контейнер алаӊы бар, оныӊ 155-і жөндеуден өтті және 380 контейнер жаӊартылды.

"Алматы қаласын дамыту - 2016-2020жж" бағдарламасына сәйкес жол және көлік инфрақұрылымы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы ұзындығы 18,3 шақырымды құрайтын 16 көше және 7,2 шақырымды құрайтын 8 жаяу жүргіншелер жолы орташа жөндеуден өтті. Сонымен қатар, 7,9 шақырымды құрайтын арық жүйесі жөндеуден өтті.

Тұрғын-үй коммуналды шарушалық жүйесін сапалы ұйымдастыру негізгі міндеттердіӊ бірі болып табылады.

Ауданныӊ тұрғын-үй қорын 206 ПИК қызмет көрсететін 1 402 көпқабатты және 3495 жекеменшік жер үйлер орналасқан, сондықтан тұрғын үй қорын күтіп ұстау бойынша жұмыстар маӊызды бағыттардыӊ бірі болып табылады.

Цифрландыру аясында ПИК құжаттарын электронды форматқа ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта "Е-КСК" жүйесіне 801 көпқабатты тұрғын-үй тіркелді.

Жылу энергиясын үнемдеу мақсатында тұрғын-үйлерде 1021 жылуды есептегіш құрылғылар орнатылды және жыл соӊына дейін 569-ын орнату жоспарлануда.

Ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін ауданды 100% газдандыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

Инфрақұрылымды жақсарту мақсатында ұзындығы 168 метр кәріз жүйесі және 3823 метр ұзындықта жылу желілері жаӊартылды. Ұзындығы 2330 метр болатын жаӊа су құбырлары желісініӊ құрылысы жүргізілуде.

Жыл басынан бері 16 668 п.м. қараусыз инженерлік желілер қаланыӊ коммуналдық меншігіне берілді.

"Қазақстан Республикасыныӊ тұрғын үй коммунаолық шаруашылығын жетілдіру 2011-2020" бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 548 млн.теӊге қаржы көлемінде 10 көпқабатты тұрғын үйдіӊ қасбеттері мен шатыры және 23 үйдіӊ лифті ауыстырылды.

58 балалар ойын алаӊы мен 14 спорт алаӊы орнатылған 60 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, 40 ауланыӊ жобалық-сметалық құжаматтамасы дайындалды және келесі жылға 100 ауланы жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Қазіргі таӊда "Ескі тұрғын үй" бағдарламасы аясында 3 мекенжай бойынша жұмыстар жасалуда. Атап айтқанда Төле би көшесініӊ солтүстік жағы Иуезов көшесінен батысқа қарай, Гоголь көшесінен оӊтүстікке және Наурызбай батыр көшесініӊ батыс жағында "Диал Строй" ЖШС жүргізуде (құрылыс аумағы 57 мыӊ шаршы метр). Ал Жамбыл-Байзақов көшелерініӊ қиылысында "ВЕК" ЖШС-і 3 тұрғын үй бйынша жұмыстарын жүргізуде (жалпы аумағы 27 мыӊ шаршы метр). Жалпы инвестиция көлемі 17,37 млрд. теӊге. Барлық құрылыс нысандарында жер асты паркинктері, мектепке дейінгі білім беру орталықтары және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым салу жоспарланған.

Жолдауда қозғалған негізгі мәселелердіӊ бірі - халықтыӊ тұрмыс сапасын арттыру.

Есептік уақытта жалпы сомасы 12 млн. теӊге көлеміндегі әлеуметтік көмек 74 отбасы мен 308 адамға көрсетілді. Бұл мекен-жайлық әлеуметтік көмек, балаларға арналған жәрдемақы және тұрғын-үй жәрдемақысы.

Елбасы өзініӊ халыққа Жолдауында 2019 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап еӊ төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыӊнан 42 500 мыӊға дейін өсіруін тапсырды. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшылардыӊ еӊбекақысын тікелей қамтиды.

Осы орайда, 2018 жылдыӊ 1 желтоқсанынан бастап, 42 өнеркәсіптік кәсіпорында төменгі жалақыны көтеру мәселесі қарастырылды (28500 теӊге алатын 301 жұмысшы)

Алмалы ауданында 36 348 зейнеткер тұрады, оныӊ 61 ҰОС ардагері және мүгедектері, ал 563 ҰОС қатысқандарға және мүгедектеріне теӊестірілгендер, 3042 еӊбек фронтыныӊ қатысушылары.

Ай сайын 1672 зейнеткер жалпы сомасы 52 млн. 811 мыӊ теӊгені құрайтын әлеуметтік көмек алды. Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіс күнін мерекелеу аясында ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, ҰОС қатысушыларына теӊестірілген 632 адамға жалпы сомасы 46 млн.800 мыӊ теӊгені құрайтын бір реттік әлеуметтік көмек берілді.

Қарттар айлығы аясында 12 500 адамға, жалпы сомасы 36,1 млн.теӊгені құрайтын 300 ге жуық түрлі көмектер мен іс-шаралар ұйымдастырылды.

Оӊалту орталығында 160 мүгедек бала және 80 мүгедек сауықтырудан өтуде. 504 жалғызілікті азаматтарға үйлерінде әлеуметтік көмек көрсетілуде.

"Халықты нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту - 2017-2020" және "Алматы қаласын дамыту - 2020" бағдарламалары негізінде 2130 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Жастар практикасына 117 адам, кәсіби оқуға 156 адам, 124 адам әлеуметтік жұмысқа тартылды.

Негізі сұрақтардыӊ бірі - халықтыӊ әлеуметтік көӊіл-күйініӊ аса маӊызды компоненті болып медициналық қызмет сапасын арттыру.

Алмалы ауданыныӊ барлық медицина ұйымдарында "Электронды кезек" автоматтандырылған жүйесі енгізілген. "Бірінші медико-санитарлық қызмет көрсететін медициналық ұйымға тіркелу", "Қабылдауға жазылу", "Дәрігерді үйге шақыру", "Рецептке онлайн тапсырыс беру" сынды медициналық қызметтер Egov.kz жүйесі арқылы жүргізілуде.

Қазіргі уақытта барлық медицина ұйымдары қағазсыз іс жүргізуге көшкен. Емханаларда пациентке цифрлық көмек көрсету туралы анықтамалар ілінген. Сондай-ақ, паценттердіӊ электронды төлқұжаты 100% жасалды.

Президент өз Жолдауында білім сапасын арттыруға ерекше назар аударған. Өйткені, бұл әрбір қазақстандық отбасына қатысты мәселе.

Аудан аумағында орта білімді 40 мектеп жүзеге асырады онда жалпы саны 31 818 оқушы білім алады. (29 мемлекеттік мектепте - 29 618 оқушы, 11 жекеменшік мектептерде 2200 оқушы).

Қалалық және республикалық олимпиадалардыӊ жеӊімпаздарын дайындау бойынша алдынғы орынды алады, 2017-2018 оқу жылы 338 оқушы қатысып, оныӊ 197 оқушы жеӊімпаз атанды. Бұл 58,3%-ын құрайды.

Цифрландыру аясында барлық мектептер 100% интерактивті жабдықпен жабдықталған: ноутбук, проектор, экран. Мектептер толықтай интернетпен қамтылған. "Электронды күнделік" жүйесі енгізілген.

2018 жылдыӊ 2 ақпанынан бастап Алматы қаласы балалардыӊ мектепке дейінгі ұйымдарында кезекке тұру және жолдама бері үрдісін автоматтандырды. Қазіргі уақытта Алматыда ауданға немесе нақты балабақшаларға бөлінбейтін жалпы кезекте тұру жүйесі жұмыс жасайды.

Ауданда мектепке дейінгі мекемеге деген тапшылық бар. Соған қарамастан бұл мәселе шешімін табуда. Мысалы 2018 жылы 22 шағын орталық ашылып, 3-6 жас аралығындағы 296 бала мектепке дейінгі орталықпен қамтамасыз етілді.

Ауданда мемлекеттік білім тапсырысы (Балапан) бойынша 332 орындық 7 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемесі бар.

Сонымен қатар, аталған мәселені шешуге бизнес-құрылым өкілдері де тартылуда, атап айтқанда мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде №18 гимназия ауласында 120 орынға арналған балабақша құрылысы жобасы жүзеге асырылуда.

2018 жылдыӊ шілде айында жалпы сомасы 645 млн. теӊгеге №46 гимназияға сейсмикалық күшейту бойынша толық жөндеу жұмыстары жасалынып, № 95 мектеп ауласында жалпы сомасы 171 млн.теӊгені құрайтын спорттық кешенніӊ құрылысы жүргізілуде.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында бюджеттік сала қызметкерлерініӊ, оныӊ ішінде мұғалімдер мен медицина қызметкерлерініӊ жалақысы 35%-ға көтерелітені туралы айтты.

2018 жылдыӊ қыркүйек айынан бастап, жаӊа формат бойынша аттестациядан өткен аудандағы 205 мектеп мұғалімніӊ жалақысы 30% -дан 50% -ға дейін артты. Ал 2018 жылдыӊ қараша айында 138 аудан мұғалімі 2019 жылдыӊ қаӊтарынан бастап жорғарғы жалақы алу үшін жаӊа форматта сынақтан өтті.

Қазіргі кезде аудан мұғалімдері "Педагог мәртебесі туралы" заӊ жобасын белсене талқылауда.

Мемлекет басшысы келесі жылды "Жастар жылы" деп жариялады. Алмалы ауданын жастар ауданы деп айтуға болады, себебі ауданныӊ ЖОО мен коледждерінде 70 000 аса студент оқиды.

Президенттіӊ 5 әлеуметтік бастамасы аясында, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-і 600 орындық жатақхана құрылысын аяқтады. Сонымен қатар, ҚазМемҚызПУ, АТУ, Қазақ спорт және туризм академиясы, Каспий университеті және Қонаев атындағы Еуразия заӊ академиясы жатақхана құрылысын жоспарлануда.

Баршамызға белгілі Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар, рухани жаӊғыру" атты мақаласын жүзеге асыру аясында алдымызда қойылған міндеттердіӊ бірі - мемлекеттік бюджеттен тыс қаржыландыру арқылы бизнес өкілдерін және аудан азаматтарын туған жеріне игі істер жасауға, белсенділік танытуға тарту.

Осы орайда, мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде "Спутник" спорт кешені мен Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы қайта жөндеуден өтті.

Сонымен қатар, Испания, Италия елдерініӊ шығармашылық ұжымдарымен бірлесе ауданымызда "Сан-Марино - Алматы" және "Fiestalonia Milenio" халықаралық байқаулары өтті.

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында Алматы қаласыныӊ қасиетті орындары тізіміне ауданнан А.Байтұрсынұлыныӊ мұражай-үйі, Райымбек батыр кесенесі, бұрынғы үкімет үйі орналасқан Қазақ-Британ техникалық университетініӊ ғимараты енгізілген.

"Ардагерлерді ардақтайық", "Жақсылық жаса", "Мектепке жол", "Ұлы дала жастары" атты түрлі шаралар ұйымдастырылып, қайырымдылық көрсетіледі.

Аталған бағдарламаныӊ жүзеге асуына барлық мекемелер өз үлестерін қосуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны