25.10.2016, 10:37 6062

Алматы қаласыныӊ денсаулық сақтау саласы үшін ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылы бірқатар инновациялық технологияларды енгізуде бүтін бір дәуірдей болды

Еске сала кетейік, "Саламаты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеӊберінде Алматы қаласыныӊ денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 91,1 млрд теӊгеге жетті.

Алматы. 25 қазан. KazakhstanToday - Алматы қаласыныӊ денсаулық сақтау саласы үшін ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылы бірқатар инновациялық технологияларды енгізуде бүтін бір дәуірдей болды, деп хабарлайды Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысыныӊ орынбасары Кәлима Базарбаева.

Атап айтсақ, оныӊ мәліметінше, ҚР Тәуелсіздік алған жылдарда Алматыда сәби дүние есігін ашқан алғашқы күннен бастап 16 жасқа дейінгі аралықтағы науқастарға мыӊнан астам жүрек отасы жасалды.

"Алматыдағы 2011 жылдыӊ 11 қарашасында ашылған Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында сәби дүние есігін ашқан алғашқы күннен бастап 16 жасқа дейінгі аралықтағы науқастарға 1000 астам жүрек операциясы жасалды ", - деді Базарбаева.

Сонымен бірге, оныӊ ақпаратына сәйкес, Алматыда Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда 600-ге жуық емдік эндоваскулярлық оталар жасалды. "Қалалық клиникалық орталық ауруханада эндоваскулярлық хирургия кабинеті ашылған, онда 600-ге жуық емдік эндоваскулярлық оталар жасалды. Қан тамырлары хирургиясы бөлімініӊ мамандары Алматы қаласындағы барлық стационарлар мен перзентханаларға шұғыл ақыл-кеӊес беру және ота жасау көмегін көрсетуде", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысыныӊ орынбасары.

Базарбаеваныӊ айтуынша, "көз микрохирургиясы бөлімшесінде сублюсирлі көзбұршақты суқараӊғылықты экстракциялау кезінде капсулаішілік шеӊберді, тума астигматизі бар суқараӊғылықты экстракциялау үшін ториялық линзаларды пайдалана отырып көзбұршағын алмастыру операциясы жасалатын болды, соныӊ арқасында асқынулардыӊ болуы мүмкіндігі тәуекелін төмендетуге, операция жасау уақытын азайтуға мүмкіндік берді және қосымша трансклералдық тоқтатуды талап етпейтін болды".

Еске сала кетейік, "Саламаты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеӊберінде Алматы қаласыныӊ денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 91,1 млрд теӊгеге жетті, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне қала тұрғындары 220 миллионнан астам рет жүгінді, тәулік бойғы стационарларда 6 миллионға жуық адам емделді, стационарды алмастыратын көмекті 3 миллионға жуық адам алды, жоғарғы кәсіби арнайы мамандандырылған медициналық көмек ауқымы жылына 15 мыӊ емделген адамға дейін өсті, 9 мыӊға жуық егіз, 175 үшем, 2 төртем (2010 және 2015 жылы) туды, Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына қызмет көрсету үшін медициналық жедел жәрдем бригадалары шамамен 13 миллион шақыруға шықты".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны