30.03.2011, 16:08 3931

Алматы қаласының полицейлері Қалқаман ықшамауданында адам өлтірді деген күдіктінің кім екендігін анықтады

Алматы қаласының полицейлері Қалқаман ықшамауданында адам өлтірді деген күдіктінің кім екендігін анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 30 - наурыз. Kazakhstan Today - Алматы қаласының полицейлері Қалқаман ықшамауданында адам өлтірді деген күдіктінің кім екендігін анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Алматыда болған атыс салдарынан бір адам қаза тауып, тағы біреуі жараланды, деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға "Қалқаман" мөлтек ауданындағы жеке үйлердің бірінде атыс болғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен жедел-тергеу тобыне белгілі болғандай, бірлесіп кәсіпкерлікпен айналысатын топ арасында туған жан-жалдың салдарынан атыс болап, екі адам жарақаттанған. Олардың біреуі оқиға орнында көз жұмып, тағы біреуі ауруханаға жеткізілген.

ІІД тергеу жұмыстарын одан әрі жалғастыруда. Арнайы тергеу тобы құрылып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны